Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуалға байланысты Қазақстан жетекшілігін тағы айыптап сөйледі.
Үй-жайы қираған Петропавл тұрғындары "жәрдемақыға жаңа баспананың жартысын да сала алмаймыз" дейді. Ал әкімдік қосымша қаражат беру жоспары жоқтығын айтты.
"Сирияда жүрген немерелерін Қазақстанға қайтарғысы келетін" қарағандылық Орынкүл Қаратаева Азаттыққа хабарласты. Заңгер "соғыс аймағынан оралғандарды бірден жазалай бермей, қоғамға бейімдеу керек" дейді.
Қазақстанда Октябрь революциясының 100 жылдығын атаусыз қалдырмағандар да бар. Орал мен Алматыда коммунистер Ленин ескерткіші алдына жиналса, Ақтөбеде де осыған ұқсас шара өтті. 7 қазан 2017 жыл.
Қырғызстан белсенділері Бішкектегі Қазақстан елшілігі алдына жиналып, Қазақстан президентіне, үкіметі мен парламентіне хат тапсырды.
31 қазанда АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында жүк көлігі велосипед жолында жүрген ондаған адамды қағып, cегіз адам мерт болған.
Бір топ зейнеткер "Нұр Отан" партиясының Алматы қалалық филиалы ғимаратының алдында "Елбасы, араша!" деген жазуы бар плакат ұстап, Қазақстандағы сот, прокуратура жүйесіне наразы екендерін айтты.
Орал қаласына жақын ауылдан мұнай қалдығын өңдейтін зауыт салынбақшы. Бірақ тұрғындар "ауаны ластанады" деп наразы.
"Кыргыз чоролору" қоғамдық ұйымының бастамасы бойынша Қазақстанның Бішкектегі елшілігінің алдында "Қазақ-қырғыз бір туған" деп аталатын акция өтті.
Үш жылға сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәди 2004 жылы қайтыс болған банкир Ержан Тәтішевті "өлтіруге кім тапсырыс бергенін" мәлімдеді.
Қызылорда облысының Түгіскен ауылында диқандар жиған өнімді қайда сақтарын білмейді. Осыған дейін пайдаланып келген қойма жекешеленіп кетіп, тонналаған астық далада қалған.
Петропавлда көмір кезегі ұзарды. Ресми ақпарат бойынша 2017-2018 жылдары қала тұрғындарына 410 мың тонна көмір қажет. Әзірше тұрғындардың 65 пайызы көмір алған.
Солтүстік Қазақстан облысында сотталушылардың түрме басшылығына қысым көрдік деген арызы бойынша сот отырысы өтті. Олар соттан моральдық шығын өндіріп беруді сұрап отыр. Ал түрме әкімшілігінің пікірі басқа.
Петропавлдағы Жұмысшы кентінің бір топ тұрғыны үйлеріне өздерінің келісімінсіз жылу есептегіш құрылғыны орнатқанына наразы.
Желі қолданушылары қырғыз президенті Алмасбек Атамбаевтың Қазақстан туралы айтқан сөздерін талқылады.
Сирияда "Ислам мемлекеті" терроршылар тобының содырлары қиратқан мүсіндердің бірі қайта қалпына келтіріліп, жұрт назарына ұсынылды.
Қазақстанда жанар-жағармай бағасы күн санап өсіп келе жатқаны байқалады. Бензин құю станцияларында әзірге баға бірдей емес, 146-151 теңге аралығында. Көлік жүргізушілері "бағаның артуы қалтаға ауыр тиіп жатыр" десе, сарапшы маман "бұдан шығатын жол - мұнай өңдеуші жаңа зауыт салу" дейді.
Чехиялық сыра қайнатушылар сыра дайындауға қажет судың тазалығын шаянның көмегімен бақылайды. Судың химиялық құрамы өзгерсе не қандай да бір қоспа пайда болса, шаян бірден байқайды.
Желі қолданушылары 7-сынып оқушыларына арналған оқулықтардағы қателерді талқылап жатыр.
Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Бішкектегі уақытша сенім жүктелген өкілі Жәнібек Кәріпжановты шақырып алып, нота жолдаған. Оған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кеше Қырғызстандағы президенттік сайлауға үміткер ретінде тіркелген Өмірбек Бабановты қабылдауы себеп болған.
Тағы