Алматылық құқық қорғаушылар жаппай ұсталған азаматтарға полицияның үстінен қалай шағымдану керегін түсіндіре бастады.
Қазақстанда тыйым салынған ұйым митингілер өтеді деп белгілеген жерлерде полиция ондаған адамды ұстады
Қазақстанның бірнеше қаласында белсенділер мен құқық қорғаушыларды полиция шақырып, митингіге шықпау жайлы ескерту беріп жатыр. Бірнеше күн бұрын басталған науқанның себебін билік ашып айтпайды.
Бірнеше күн бойы белсенділерімен және билік өкілдерімен кездескен италиялық құқық қорғаушылар Қазақстан билігі ашық диалогқа шыққанын айтады. Олар "Қазақстанда демократиялық жағдай жақсарады" деп үміттенеді. Ал жергілікті құқық қорғаушы митингіге шыққандардың ұсталуын сынады.
Қазақстан парламенті президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Ливанға "БҰҰ уақытша күштері" миссиясына қызмет етуге 120 әскери қызметкер жіберу туралы ұсынысын қолдады. Ал Ливанға бітімгер әскер жіберуге қатысты елдің пікірі қандай?
Екінші жылу электр стансасының маңында тұратын алматылықтар зиянды қалдықтың қаупі туралы дабыл қағады.
Алматыда және Бішкекте белсенді Мұратбек Тұңғышбаевқа қатысты сот өтті. Белсендіні 10 мамырда Қырғызстанның арнайы қызмет орындары Қазақстан өтінішімен қамауға алған еді.
Желі қолданушылары жемқорлар туралы ақпарат бергені үшін 240 мың теңге сыйақы тағайындалғанын талқылады.
Менингококк инфекциясы табылған кейбір балабақша жабылған жоқ.
Алматы көшелерінде маска кигендердің қарасы көбейген. Адамдар сақтанудың әртүрлі жолдары жайлы айтады.
Бішкекте ұсталған қазақстандық белсенді Мұратбек Тұңғышбаевтың анасы Бақтыбала Тұңғышбаева Алматыдағы Қырғыз консулдығының алдына келіп, Бішкекте қамауда отырған ұлын Қазақстанға бермеуді өтінді
Желі қолданушылары "Рухани жаңғыру" бағдарламасының логосы плагиат па, жоқ па - соны талқылап жатыр.
Қызылорда облысы Шиелі кентінің тұрғыны перзентхана қызметкерлерінің қылмыстық жазаға тартылуын талап етеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы "дәрігерлер өз жұмысына салғырт қарағаны рас" дейді.
21 мамырда жер заңына қарсы бейбіт митинг өтеді деген соң бірнеше қалада күзет күшейді. Қалалық әкімдік ғимараттарын таңертеңнен полиция күзетті. Астанада бірнеше азаматты полиция ұстап, Алматыда екі белсендіні ішкі істер департаментіне шақырған.
Петропавл қаласынын 13 километр қашықтықта орналасқан Қызылжар ауданы Якорь ауылы он жылдан бері ауыз судан тапшылық көріп отыр.
Атыраудағы мұнай және газ университетінде оқитын қазақ студенттері оқу ақысын уәде етілген 25 пайызға арзандатуды сұрап президентке хат жазды. Ал университет басшылығының айтуынша, студенттерге жеңілдік берілмейді.
Алматыда Орталық Азия бойынша «БАҚ, мемлекет, қоғам: цифрлық қауіпсіздік пен медиа сауаттылық» форумы өтті. Жиында Қазақстандағы баспасөз еркіндігі мен мемлекеттің БАҚ-ты бақылау мәселесі талқыланды.
Ақтаудағы "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясы ғимаратының алдына жиналған әкімшілік департаментіне қарасты "Тұрғын үй пайдалану цехының" жұмысшылары бес жылдық еңбекақысының жартысын алдын-ала беруді тағы талап етті. Компания басшылығы жұмысшылардың талабы орындалмайтынын айтады.
Алматыда жүздеген "саяси тұтқындардың" портреттерін ұстап, биліктен оларды босатуды және азаптауды тоқтатуды талап етіп, көшеге шықты. Митингіні күштеп таратқан полиция ондаған наразыны ұстап әкетті.
Алматыдағы "Car City" (Кар Сити) сауда орталығында жұмыс істейтін кәсіпкерлер базар басшылығына наразы. Олардың айтуынша, әкімшілік жүзге жуық дүкенді күремек. Саудагерлер базар басшылығы "бір жылдық келісім-шартты бұзды" дейді.
Тағы