Қызылорда қаласының бірнеше тұрғыны көшені жайлаған су үйлеріне таяды деп шағымданды. Жауапты мекеме "бюджет қаржысын күтіп отыр".
2016 жылғы жер митингілері кезінде және мұғалімдер құқығын қорғауға араласқан шымкенттік белсенді Ардақ Әшімнің жүйке аурулары ауруханасында емделу мерзімін сот тағы бір айға ұзартты. Істі Абай аудандық соты тергеуші Бақытжан Сыдықовтың шағымы бойынша қараған.
БҚО Березовка ауылында 2014 жылдан бері белгісіз жағдайда есінен танып құлап қалатын ауруға тап болған екі балаға ресейлік дәрігерлер "мидың токсиннен улануы" деген диагноз қойды. Құқық қорғаушылар Қазақстан билігі бұл жағдайға лайықты назар аудармай отыр дейді.
Шымкент мектебіндегі мұғалім өлімін Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаменті тексеріп жатыр. Ал қайғылы оқиға болған мектеп ұжымы әріптестерінің өліміне не себеп болғанын біле алмай отыр.
Алматыға Қазақстанның оңтүстігінен жолаушы таситын автобус иелері таң атпай жол бойына жиналды. Олар Алматының сыртындағы "Үшқоңыр" автовокзалына автобустарды күштеп кіргізгісі келетін әлдекімдердің қоқан-лоқысынан шаршағандарын айтады.
Алматы әкімдігі мұқтаждығы бар балалармен жұмыс істейтін "Үміт" қорын жалдау ақысын төлемеді деп сотқа берген. Қор директоры "әкімдік алты жыл бойы өтініш-хаттарымды елемеді" дейді.
Ақтау қаласында жүзден аса адам жұмыссыз қаламыз ба деп алаңдайды. Олар облыс әкіміне мәселені шешіп беруді сұрап хат жазған. Былтыр желтоқсан айында жұмыстары кейінге шегерілген. Кейін қалалық әкімдік оларды бұрынғы жұмыстарына да алмаған және орнына басқа жұмыс та ұсынбаған.
Алматыдағы "Көкжиек" ықшам ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің төбесінде орналасқан мансард типтес 16 пәтер толығымен жанып кеткен. 6 сәуірде өртенген үйге әкімдік өкілдері барды. Өрттің неден шыққанын өрт-техникалық сараптама анықтамақ.
Желі қолданушылары Қазақстан президенті Назарбаев "Қайым Мұхамедханов кім?" деген сөзін талқылап жатыр.
Оралда батпақ басқан "Үміт" ықшамауданының тұрғындары биліктен жол салып беруді сұрап, Азаттыққа шағымданды. Көктем-күз сайын еріген су орталық көшелерге жайылып, көлік қозғалысы да қиындайды.
Қызылорда қаласында көпқабатты үйдің тұрғындары 20 жылдан аса уақыттан бері ауладағы әжетханаға шығуға мәжбүр. Пәтер иелері ауыз суды да тасып ішеді. Олар жергілікті биліктен жауап болмаған соң президент әкімшілігіне де хат жазған.
30 наурызда Алматы әкімдігіне оннан аса адам келіп, бейбіт митинг өткізуге рұқсат сұрап, үшінші рет хат жолдады. Олар Қытайда "қысым көріп жатқан" туыстарының жағдайына алаңдайды.
Ата-анасының қамқорлығынсыз өскен жастардың жетімдер үйінен шыққан соң барар жері жоқ. Жергілікті билік бұл проблемадан хабардар
Желі қолданушылары "жезөкшелерді" қамшымен сабаған жігіттің қылығын талқылап жатыр.
Қазақстан Статистика комитетінің дерегінше, елде дәнді дақылдар төрт, айран алты, ет он пайызға қымбаттаған. Көже қайнатуға қажетті өнімдердің бағасы қалай өзгерді?
Алматы облысының Заречный кентіндегі колонияда "қаржы жымқырды" деген айыппен бес жылға сотталып, жаза өтеп жатқан Матаевты өткен жұмада сот қоныс колониясына көшіруге рұқсат бермеген.
Қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов құрған Қазақстан демократиялық таңдауы қозғалысы елде экстремистік ұйым ретінде танылған соң ұйымды қолдаған азаматтарға полиция ескерту жасап жатыр.
Шығыс Қазақстан облысында кешеден бері су алған үйлер саны артып жатыр. Еріген қардан және нөсер салдарынан жайылған су түндегі суықтан кейін қата бастаған. Су басқан үйлердің алды құлап жатыр.
Соңғы бір жылда Қазақстанда азаматтық белсенділігімен көзге түскен, Азаттық жазған, көрсеткен әйелдер туралы шолу.
Қызылорда шетінде тұратын тұрғындар көшеге тас төселмегеніне шағымданады.
Тағы