Қыздары орамал тартатын ондаған ата-ана облыс әкімдігіне барып, Конституция кепілдік берген құқықтары бұзылып жатқанын айтты. Білім басқармасының дерегінше, 7 оқушы "мектеп формасын сақтамады" деп келесі сыныпқа көшпей қалған. Ата-аналар "бұл 7 оқушының ғана емес, жүздеген баланың мәселесі" дейді.