16 шілдеде Алматыда ондаған көп балалы ана мен «Нұрлы жер» баспана бағдарламасына көңілі толмайтындар Алатау ауданы әкімдігіне келіп, наразылық танытты.
Үйлеріне қайтпас бұрын арыстықтар Шымкентте, наразылық танытқан. Баспана талап еткен жүздеген адаммен әкімдер кездескенмен, наразылар шеруге шығу ойларынан қайтпады. Неге билік өкілдері арыстықтармен келісімге келе алмады? Тұрғындармен әкімдер диалогы қалай өрбіді?
Желіде Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің Арыста бір ай тұратынын талқылап жатыр. 24 маусымда Арыс қаласында әскери қойма жарылып, қала толық эвакуацияланған. 28 маусымда тұрғындар Шымкенттен Арысқа қайтқан. Түркістан облысының әкімі бір ай бойы Арыста болатынын мәлімдеген.
Қазақстан президенті Тоқаев тұрмысы төмен топтардың 300 мың теңгеге дейінгі кредиттерін өтеуді тапсырды. Көп балалы ана мен сарапшылар Тоқаевтың бұл шешімі жайлы не дейді?
24 маусымда Алматы қалалық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті алдына жиырмаға жуық адам жиналып, азаматтық белсенді, биылғы наурыздан бері ЛА-155/18 түрмесінде жазасын өтеп жатқан Марат Тұрымбетовтың денсаулығына байланысты комиссия құруды сұрады.
12 маусымда Қазақстанда полиция жүзден астам адамды ұстады. Алматы мен Нұр-Сұлтанда күзет күшейді. Полиция жүзден астам адамды ұстады. Алматы қаласында дүкендер, кафе-мейрамханалар және дәріханалар жабылды.
9-10 маусымда наразылықта ұсталған жүздеген адам әкімшілік жазаға тартылып, басым көпшілігін сот бірнеше тәулікке қамауға алған. Қамалғандарды жақындары іздеп, таппай жүр.
Саясаткер Хасен Қожахмет сайлау күні ұсталған азаматты босатпаса, әкімдік алдында аштық жариялайтынын мәлімдеді. Ол осы талабы арқылы көпшілікке үлгі көрсетпекші. Әкімдік саясаткердің талабын орындады. 12 маусым 2019 жыл.
Желіде Алматы көшелеріндегі шеру мен Ринат Зайытовтың қамалып, кейін бостандыққа шыққанын талқылап жатыр.
Желіде Қазақстан астанасындағы көшелерде әскердің пайда болғанын талқылап жатыр.
9 маусым түстен кейін Алматыда полиция орталық көшелердің бірін қоршап, Панфилов көшесі бойында жүрген ондаған азаматты ұстады. Азаттық тілшісінің көзінше полиция жеті-сегіз газельге адамдарды толтырып алып кетті. Полшиция "Не үшін азаматтарды ұстап жатсыздар?" деген Азаттық тілшісінің сұрағына жауа
Қазақстанда босқын мәртебесін ала алмаған Қытай қазағы Сайрагүл Сауытбай Швецияға кетті. Бұл туралы оның адвокаты Айман Омарова хабарлады. Оның айтуынша, жағдай қиындап бара жатқан соң Еуропаға кетуден басқа жол қалмаған. Ал Қазақстанның ресми органдары бұл туралы журналистерге ақпарат берген жоқ.
Еден жуып, ақша табатын ана "табысым күн көріске жетпейді" дейді.
30 мамырда Алматыда "InternetCA-2019 Орталық Азиядағы интернет саласының дамуы" атты форум басталды. Екі күнге созылатын форумның бірінші күні Орталық Азиядағы сөз бостандығы мәселесі, жалған ақпаратпен күрес, киберқауіпсіздік, сайлау кезіндегі БАҚ жұмысы тақырыптары талқылады.
Бүгін, 29 мамырда Алматыда журналист Розлана Таукинаны туыстары мен әріптестері, достары соңғы сапарға шығарып салды. Алпыс жасында ауруханада көз жұмған құқық қорғаушы, журналистің артында жұбайы, екі ұлы мен немересі қалды.
Петропавлда 2018 жылы төселген асфальт қопарылып жатыр. Жөндеу жұмыстарының сапасыз болғанын қаладағы арнайы мониторинг тобының мүшелері де растайды.
Желіде әділет министрлігі Қазақстан мүддесін қорғау үшін әлемнің үздік заңгерлерін жалдауға 17,5 млрд теңге жұмсайды" деген ақпаратты талқылады.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына қатысушылардың үгіт-насихат кезеңі жалғасып жатыр. Кей сарапшылар мен сайлаушылар жеті кандидат арасында қызу саяси тартыс байқалмайтынын айтады.
Жеке баспанасы жоқ әскери зейнеткерлер тұрғын үй заңына өзгеріс енгізуді сұрайды. Қазіргі заң бойынша, әскер қатарында он жылдан аса, бірақ жиырма жылдан аз уақыт қызмет атқарғандарға тұрғын үй өтемақысы берілмейді. Олар тек қорғаныс министрлігі ұсынған баспананы сатып алуға құқылы.
Алматыда ондаған ипотекалық қарызы бар азамат шағымын айтып, "Нұр Отан" партиясы ғимаратына жиналды. Бұған дейін де бірнеше рет наразылық жиынын өткізген борышкерлер президент сайлауы қарсаңында үкімет мәселемізді шешіп береді деп үміттенеді.
Тағы