Қазақстанда төтенше жағдай жарияланғаннан кейін адам көп жиналатын сауда орталықтарын жабуға тапсырма беріліп, той мен ас өткізуге шектеу салынды. Бұған жұрт пікірі әртүрлі. Өнерпаздар тойсыз табыстан қағылатынын айтады.
Қызылорда қаласының тұрғындары коронавирустан қорғанатын қарапайым маска таба алмай сарсаңға түсіп жүр.
Әлемде пандемия деп жарияланған Covid-19 коронавирусы осы кезге дейін 128 мыңнан аса адамға жұғып, 5 мыңға жуық адам қаза болды. 13 наурызда Германиядан оралған екі қазақстандықтың дертке шалдыққаны хабарланды. Азаттық қауіпті вирус туралы ғалым Айдын Қыдырмановтан сұхбат алды.
Қазақстанды отыз жылдай билеп, бір жылдай бұрын президенттіктен кеткен Нұрсұлтан Назарбаев туралы сыни мақала жазған журналист Асхат Асан тергелді. «Жас Алаш» газетінің бұрынғы тілшісі Асхат Асан әлеуметтік араздықты қоздыру бабы бойынша қозғалған қылмыстық іске куәгер ретінде шақырылған.
Қытайдағы этникалық қазақтар мәселесін көтеріп жүрген "Нағыз Атажұрт еріктілері" ұйымы тарайтынын хабарлады. Ұйымды құрған азаматтардың бірі, белсенді Серікжан Білаштің сөзінше, жұмыс істеуге қаржы жоқ және ресми тіркеуден өте алмаған.
«Қазатомөнеркәсібі» компаниясының бұрынғы басшысы, 11 жыл қамауда отырған Мұхтар Жәкішев шартты жазамен бостандыққа шығады. Бүгін Семей қалалық соты Жәкішевтің өзін шартпен босату туралы үшінші рет түсірген шағымын қанағаттандырды.
Коронавирусты жұқтырғандар мен аурудан көз жұмғандар саны артқан сайын науқастар көп анықталған елдерге әуе қатынасы тоқтап, туристерге шектеу қойылып жатыр. Кейбір елде дәрі-дәрмек тапшы.
Қазақстандағы бірнеше оппозициялық топ 1 наурызда митингіге шақырған жерде - қала я облыс әкімдіктерінің маңында - арнайы жасақ пен полиция ондаған адамды ұстады.
Ақпанның 22-сіндегі митингі қарсаңында қамалған белсенжі Жанбол Рахматулланың ағасы абақтыдағы інісінің соққыға жығылғанын айтады.
Алматыда 100-ден астам адам Тәуелсіздік монументіне жиналып, Нұр-Сұлтанда қаза тапқан Дулат Ағаділдің рухына құран бағыштады. Билікті айыптай сөйлеген тұрғындар алаңнан шығып прокуратураға барды. Олар қазір қамауда отырған белсенділерді босатуды талап етті.
Нұр-Сұлтан абақтысында қаза тапқан белсенді Дулат Ағаділдің жаназасына бару үшін Қазақстанның бірнеше аймағынан жолға шыққан азаматтар ұсталып жатыр. Белсенділер «билік біздің жаназаға қатысқанымызды қаламайды» дейді.
Құқық қорғаушылар “Қазақстанда 22 ақпандағы билікке қарсы наразылықта арнайы жасақ 300-ден астам адамды алып кетті” дейді.
22 ақпанда Алматыда "Демократиялық партия" құрғысы келетін бастамашыл топ пен елде тыйым салынған Қазақстанның демократиялық таңдауы ұйымы шақырған екі наразылық акциясы өтті. Екеуін де полиция адамдарды күшпен ұстап әкетті. Алматыдағы оқиғаның анық-қанығы.
Петропавлда мүгедек зейнеткерлер баспанаға мұқтаж. Қазір олар құлаудың аз-ақ алдында тұрған үйлерді паналауға мәжбүр. Көп жылдан бері пәтер кезегінде тұрған қарияларға әкімдік «күтуден басқа амал жоқ» дейді
Алматы ауасының ластануын қаланың бас мәселесі деп тануды сұраған петицияға қол қойғандар саны бірер тәулікте 25 мыңнан асты. Үндеуге қала әкімдігі жауап бергенімен, экология белсенділерінің оған көңілі көншіген жоқ. Алматы тұрғындары ауаның ластанғанын соңғы кездері қатты сезе бастағанын айтады.
Солтүстік Қазақстан облысында жер дауы. Айыртау ауданының тұрғындары "халықтың жері сатылып жатыр" деп наразы. Айтуларынша, аймақты пайға алған компания жерді жұрттың келісімінсіз кепілдікке қойып, кредит алған.
Алматы облысы Талғар ауданына қарасты Өстемір ауылындағы үйлердің бірінде қаңтардың 3-і күні өрт шығып, 4 жасар бала мен 3 жасар қыз көз жұмды.
Қазақстанда гемофилиямен ауыратын азаматтардың көбі дәріге мұқтаж. Гемофилия әлеуметтік маңызы бар аурулар тізімінде жоқ.
Желіде Қытайда шыққан коронавирус туралы әртүрлі алып-қашпа әңгімелер мен фейк ақпараттар қаптап кетті.
"Тегін киім таратылады" деп жалған ақпаратқа алданған алматылық әйелдер полицияға талап қойды. Қайырымдылық акциясы өтеді деген хабардан соң қаладағы базардың біріне келген аналар жалған ақпарат таратқан азаматты жазалауды сұрады.
Тағы