Шығыс Қазақстан облысы Зайсан аудандық сотында «мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтті» деп айыпталған этникалық екі қазақ Қастер Мұсаханұлы мен Мұрагер Әлімұлына үкім оқылды. Судья екі азаматты бір жылға соттады. Екеуі де Қазақстанда қалады.
Қаңтардың 15-інде Алматыдағы Алмалы аудандық соты 26 жастағы Вадим Нестеровке «әрекетке жарамды азамат» статусы қайтарды.
Алматыдағы Алатау ауданы ғимаратының ішінде тігін цехі ашылғаны хабарланды. Әкімдік бұл туралы Азаттыққа әлі жауап бермегенімен, сонда істейтінін айтқан кейбір аналар мұны растады. Мемлекеттік мекеме ішінде шеберханада Азаттыққа шабуылдағандардың бірі жұмыс істейді.
Өзін «оппозициямыз» дейтін «Ақ жол» партиясы парламенттегі құқығын заңмен бекіткісі келеді. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев былтыр жыл соңында «заң шығарушы органда оппозиция керек» деген соң «Ақ жол» 2013 жылы әзірлеген заң жобасын қайта ұсынбақ.
8 қаңтарда Алматыда бір адамдық үш пикет өтті. Белсенділер биліктен саяси тұтқындарды босатуды, пікірін ашық айтқан азаматтарды қудаламауды, шешім шығарарда халықпен санасуды талап етті.
Қазақстанда отбасында әлімжеттік көрсеткендерді жазалайтын әкімшілік заңға өзгеріс еніп, президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған. Заңды өзгертуді Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырып, бас прокуратура мен ішкі істер министрлігі төрт айда әзірлеген.
Қызылорда облысы Ақжарма ауылының жүзге жуық тұрғыны әкімдіктен резервтегі жерден егін егіп, жұмыс істеуге қажет жер беруін сұрайды. Тұрғындар жұмыс болмағасын жастар да ауылда тұрақтамай кетіп жатқанын айтады. Аудан әкімдігінің өкілі даулы мәселені сот арқылы шешуге кеңес берді.
Құлаған ұшақтан құтқарылған жолаушылардың бір бөлігі Алматыдағы №4 қалалық клиникалық ауруханаға әкетті. Жапа шеккендердің біразы жан сақтау бөліміне жатқызылды.
Солтүстік Қазақстан облысында Есіл ауданындағы Қарағаш ауылында бір айдан бері таза су жоқ. Су тазартатын қондырғы бұзылып қалған. Тұрғындар лай су ішіп жүргендерін, көрші ауылдан тасып әкелуге кедір-бұдыр жол кедергі екенін айтады.
24 желтоқсанда бір топ азамат Алматыдағы уақытша қамау орнына барып, бірнеше күннен бері аштық жариялап жатқан белсенділерді босатуды талап етті.
20 қарашада Алматыда тәуелсіздік күні қарсаңында қамалған бірнеше белсендінің аппеляциялық шағымы қаралды. Сот әкімшілік жазаға тартылғандарды уақытша қамау мекемесінде өтті.
Желтоқсанның 16-ы күні Қазақстанның бірнеше қаласында полиция белсенділерді ұстады. Бірін үйден шыға берерде, кейбірін жұмысқа кетіп бара жатқан жолда алып кеткен. Әзірге бүкіл республика бойынша нақты қанша адамның қамалғаны жөнінде ресми ақпарат жоқ.
Алматының Алатау ауданы Зерделі ықшамауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындары ғимарат құлап түсуі мүмкін деп үрейленіп отыр.
Алматыда "Oyan, Qazaqstan" қозғалысының белсенділері Медеу және Бостандық ауданының прокурорымыз деп таныстырғандар 16 желтоқсанда өтеді деп хабарланған митингіге шықпауды ескерткенін айтты. 10 желтоқсан 2019 жыл.
Желде президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Deutsche Welle телеарнасына берген сұхбатын талқылап жатыр.
Бүгін таңертең сағат бес кезінде Қызылорда облысы Қызылорда – Құмкөл автожолында автобус аударылып, сегіз адам қаза тапты. Тағы 20-дан аса адам жараланып, ауыруханаға жеткізілді. Автобуста барлығы 35 жолаушы болған.
Қызылорда облысындағы Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде теміржол маңының тұрғындары көшелеріне асфальт сұрайды.
Алматы орталығында ондаған студент Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев құрметіне тойланатын мерекеге дайындалып жүр. Алматы әкімдігі студенттердің сабақтан қалып жатқанын мойындайды.
Желіде Нұр-Сұлтандағы мешіт алдына барып, садақа сұрап, акция өткізген белсенділерді талқылады.
Түркістан облысынан солтүстікке қоныс аударған отбасы кері қайтқалы жатыр. Осыдан үш ай бұрын Шал ақын ауданына бала-шағасымен көшіп келген Күнсұлу уәделі көмекті ала алмағанына қапалы. Суық үйді жалдап, жан бағып келген үш балалы әйелге жәрдем берілмегенін әкімдік мойындап отыр.
Тағы