Қазақстанда төтенше жағдай режимі мен карантин сәуірдің соңына дейін созылды. Ал шектеулердің кесірінен жұмыссыз қалғандар, кәсібі шығынға батқандар мұны құптамайды. Қоғам пікірі екіге бөлінген. Қауіпсіздік үшін үйден шықпау керек деген ұстанымды жақтайтындар да бар.
Қазақстанда кем дегенде 120 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Ахуалдың қиндауына вирустан қорғайтын киім мен құрал-жабдықтың жетіспеуі себеп дейтіндер көп. Дәрігерлер де жиі шағымдана бастады. Алайда министрлік қажетті заттар жеткілікті деңгейде дейді.
Карантин жарияланған Ақтөбеде автобус қозғалысы шектелген. Жұмыстан қалмауға тырысқан жұрт лық толы автобустарға таласа-тармаса мініп алады. Билік ол үшін «карантин режимін бұзды» деп тасымалдаушыларды жазалай бастаған. Ақтөбе облысында 11 адамнан коронавирус табылдыү
Алматыда 8 сәуірден бастап карантиннің жаңа тәртібі енгізілді. Қала билігі әзірлеген онлайн базаға енбеген көліктердің жүруіне қатаң тыйым салынды. Ережеге бағынбағандар айыппұл төлеп, түрмеге қамалады.
8 сәуірде мәжіліс «Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жіберді. Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин мен ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев құжат мақұлданған соң заң жобасын мақтай сөйледі. Белсенділер депутаттар мен мин
Төтенше жағдай жарияланып, қозғалысқа шектеу қойылса да, Қазақстан қалаларында жәрдемақы алу үшін пошта мен банк алдында кезекке тұратындар азаймады.
Қазақстан мектептерінде оқу жылының 4-тоқсаны басталды. Төтенше жағдайға байланысты 3-тоқсанды ерте аяқтап, демалысқа шыққан оқушылар қашықтан оқуға көшті. Карантин кезіндегі оқу тәсілі қалай жүзеге асып жатыр?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2 сәуірде әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы жарлыққа қол қойды.
Саясаттанушы Шалқар Нұрсейіт Азаттыққа сұхбат беріп, коронавирус пандемиясы Қазақстан жағдайында нені көрсеткенін айтты.
31 наурыз күні кешке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа телеарна арқылы үндеу жариялады. Президент кәсіп тоқтап, жұрт табысынан айырылған тұста мемлекеттен қандай көмек берілетінін айтты. Мәлімдемеге саясаткерлер мен экономист сарапшы қандай баға бергенін көріңіз.
Қазақстанда мыңдаған адам аурухана және үй карантинінде жатыр. Олардың кейбірі Азаттық редакциясына хабарласып, "дұрыс жағдай жасалмай жатқанына" шағынды. Денсаулық сақтау министрі қиындақ барын мойындап, шараның бәрі вирусты тоқтату үшін екенін айтады.
Қызылордада оннан астам адам облыстық әкімдік алдына жиналып, әлеуметтік мәселелеріне шағымданды. Азық-түліксіз тұрмыстың қиындағанын айтты.
Қазақстан азаматтарының қайтып оралуына көп елдің шекарасын жабуы, халықаралық ұшақ рейстерінің тоқтауы қиындық тудырды.
Қызылорда қаласы Шымбай мөлтек ауданы "Ажар" сауда орталығының қоймасына жүзден астам адам жиналып, азық-түлік үлестіруді талап етті. Жергілікті әкімдіктің түсіндіруінше, олар негізінен көп балалы отбасыларға берілетін азық-түлікті алуға келгендер.
Алматының Алатау ауданы әкімдігіне бір топ әйел жиналып, көмек сұрады. Айтуларынша, карантин басталғалы өмір сүру қиындаған, көбі жұмыстан қысқарып, үйге жеткілікті азық-түлік ала алмаған. Ал әкімдік жұрттың шағымын онлайн қабылдап жатқанын айтады.
Қазақстан билігі карантин кесірінен жұмыстан қысқарып, ақысыз еңбек демалысына кеткендерге әлеуметтік төлем жасамақ. Бірақ бұл төлем бәріне бірдей берілмейді.
Алматылық еріктілер ұйымы 20 наурыздае бастап жұмысын тоқтатпақ. Төтенше жағдайға байланысты уақытша жабылатын мекемелер арасында қайырымдылық ұйымдары да бар.
19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин режимі енгізілді. Әскери техника қойылған блокпосттар ешкімді өткізбеуге тырысып жатыр. Қалаға кіре алмай тұрған жұрттың шағымы әртүрлі. Алматы ішінде көлік азайып, тыныштық орнаған.
19 наурызға қараған түнде Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге жабылады. Көлікпен кіріп шығуға тыйым салынады. Билік жұмысы қалада, өзі облыста тұратындарды өткізбейміз дейді. Бас прокуратура талапқа бағынбай, карантин ережесін бұзғандар жазаға тартылады деп ескертті.
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар көбейіп, отыздан асты. Мемлекеттік комиссия Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларын карантинге жабуға шешім қабылдады. Азаттық тілшісі Алматы көшесі мен Халыққа қызмет көрсету орталығындағы ахуалды бақылап көрді.
Тағы