Түркістан облысы Мақтарал ауданындағы су басқан Жеңіс ауылының халқы үйде қалған заттарын өздері тасып әкетіп жатыр. Олар әкімдіктен көмек болмағанын, қауіп ерте ескертілмегенін айтады.
Су маманы, бұрын су шаруашылығы министрі болған Нариман Қыпшақбаев Азаттыққа Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы су проблемасы жайлы сұхбат берді.
Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваның өкілеті тоқтатылғаннан кейін екі күн өткен соң билікте қадрлық ауыс-түйіс болды. Мәулен Әшімбаев Президент әкімшілігі басшысының орынбасарлығынан босап, сенат депут боп келді же, іле-шала спикер болып сайланды.
Тасқын су астында қалған Түркістан облысы Өргебас аулының тұрғындары үкімет алдын ала ескертпегенін, дер кезінде эвакуация жасамағанын айтады.
Өзбекстанның Сырдария облысында Сардоба су қоймасында бөгет жарылып, Түркістан облысы аумағында бірнеше ауылды су алды. Облыста арнайы штаб құрылып, 5 жарым мың адам қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Азаттық тілшісі су басқан елдімекендердегі жағдайды көріп қайтты.
Қазақстан билігі сайлау туралы және саяси партиялар туралы заңдарға бірнеше өзгеріс енгізбек. Заң жобасын Парламент мәжілісі бекітіп, Сенатқа жолдады. Мәжілісте «Нұр Отаннан» өзге партия депутаттары да заңнаманы қолдады.
30 сәуірде Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы құқық қорғаушылар, белсенділер мен халықаралық ұйымдардың сынына қарамастан «Бейбіт жиындар туралы» заң жобасын бірінші оқылымда бірауыздан мақұлдады.
Қызылордадағы әл-Фараби шағын ауданының ондаған тұрғыны көп жылдан бері әкімдікке шағымданып келсе де, көшелері жөндеусіз жатыр. Олардың сөзінше, жауын жауғанда көлік батпаққа батып, балалар мектептен қалады.
Алматы облысы Жауғашты ауылындағы ЛА-155/4 мекемесіндегі 22 жастағы аяғы ауыр әйелден коронавирус табылды. Науқас қазір карантинге жабылған Іле аудандық орталық ауруханасында жатыр.
Қазақстан Дүниежүзілік баспасөз рейтингінде 157 орында. Журналистердің құқығын қорғайтын «Шекарасыз тілшілер» халықаралық ұйымы жариялаған индекс бойынша, Қазақстанда «баспасөз еркіндігі қиын жағдайда».
Азаттық Женевадағы Азамат пен саяси құқықтар жөніндегі орталықтың Орталық Азия бойынша өкілі Рустам Қыпшақбаевпен карантин кезінде азаматтар құқығының ахуалы жайлы сөйлесті.
Алматыдағы ең үлкен аурухана қызметкерлері «басшылық дұрыс жағдай жасамады, қорғаныш заттары жеткіліксіз» деп шағынды. Мәселесін айтқандар «басшылық қысым жасайды» деп аты-жөнін жасыруды сұрады. Аурухананың бас дәрігері шағымның бәрін жоққа шығарып, қызметкерлерге көмектесіп жатқанын айтады.
22 сәуірде Қазақстан парламентінің мәжілісі «Сайлау» және «Саяси партиялар» туралы конституциялық заңға өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы заң жобаларын мақұлдады.
Алматыдағы вирус ошағының біріне айналған орталық қалалық клиникалық ауруханада жатқан науқастар өзінің қараусыз қалғанын айтып шағынды.
Қазақстанда билікті сынап, әлеуметтік желіде көзқарасын ашық айтып жүрген бірнеше белсенді ұсталды. Көбіне төтенше жағдай кезінде жалған ақпарат таратты деген айып тағылған. Құқық қорғаушының сөзінше, бұл биліктегі топтардың өзара келісе алмай жатқанын көрсетеді.
Алматыда төтенше жағдай кезінде жалдап тұрып жатқан пәтерақысын төлеуге қиналғандар көп. Бірі далада қалса, енді бірі үй иесіне төлем уақытын соза тұруды өтінген. Риэлторлар кейінгі бір айдың ішінде пәтер жалдауға сұраныс азайып, баға төмендегенін айтады.
Қазақстан билігі коронавирус таралуына байланысты үш аурухана салынатынын хабарлағалы екі аптаға жуықтады. Құрылыс қалай жүріп жатыр? Шымкенттегі аурухананың жұмысы неге тоқтап тұр? Тұрғындар не дейді? Азаттық анықтап көрді.
Сәуірдің 15-іне Алматы қалалық тергеу соты Азаттық тілшілерінің жұмысына кедергі келтіру ісін жүргізген полицейдің әрекетсіздігін заңсыз деп танып, істі қайта тергеуге жіберу туралы қаулы шығарды.
Былтыр билікке қарсы шеруге шығып, кейін әскерге шақыртылған белсенді Әлімжан Ізбасаров Тараз қаласындағы психоневрологиялық диспансерде жатыр. Ол «өзіне қол жұмсамақ» болды деген дерек бар.
Алматының орталық клиникалық ауруханасы карантинге жабылды. Мұнда коронавирус жұқтырған медицина қызметкерлерінің саны үш күннің ішінде 37-ге жетті. Бөлек мекенжайға оқшауландырылған дәрігерлер инфекцияны анықтауға тест тапсырғанымызбен, жауабын жасырып отыр деп шағымданды.
Тағы