Ақтөбедегі орталық базар сатушылары наразылық білдіріп, жергілікті биліктен жұмыс орнын ашуды талап етті. Олар "күн көріс қиындағанын, несие төлей алмай жатқандарын" айтады. Базар коронавирус карантиніне байланысты екі айдан бері жабық. Саудагердің кейбірі тауарын базардың сыртында сатуға мәжбүр.