Наурыздың 15-16-сы күндері Шымкент қаласында республикалық «Наурыз» айтысы өтті. 2004 жылдан бері өтіп келе жатқан бұл айтыс биыл Төле бидің 350 жылдығына, Абылай ханның 300 жылдығына арналды.
Алғашқы күні астаналық айтыскер Айнұр Тұрсынбаева мен Оңтүстік Қазақстан облысының ақыны Бегарыс Шойбеков үшінші жұп болып сахнаға шықты.
Бірінші болып сөз кезегін алған Бегарыс Шойбеков Абылай ханның 300 жылдығы кеш тойланғанын тілге тиек етті:
– Абылайдың тойы неге кеш өтті деп,
Айтар ем, халқым, саған "кектенбе" деп.
Себебі саясаттың салқын желі,
Көп нәрсеге тұр қазір бетперде боп.
Оңтүстік, қайта сенің бақытың бар,
Астанаға мұндай той жеткен де жоқ.
Абылай қазақ үшін қанын төкті,
Бір тынбай ақ тер де боп, көк тер де боп.
Үш жүздің басын қосқан есіл ердің,
Үш жүзге толған тойы өткен де жоқ.
Бұл сөзім - ұлтқа да сын, ұлыққа сын,
Айтпасам ақындығым құрып қалсын.
Ақордаңа сәлем айт, Айнұржан-ау,
Тарихқа бүйтіп көзін суытпасын.
Атасына не істесе, өзінің де
Алдына сол келерін ұмытпасын.
Айнұр Тұрсынбаева қарсыласының бұл сөзіне:
– Ел ағасында үмітім,
Еңбектенуде күні-түн.
Еңкеймесін деп бүгінгі,
Егемен елдің байрағы, - деп қысқа жауап қайырды.
Бірінші болып сөз кезегін алған Бегарыс Шойбеков Абылай ханның 300 жылдығы кеш тойланғанын тілге тиек етті:
– Абылайдың тойы неге кеш өтті деп,
Айтар ем, халқым, саған "кектенбе" деп.
Себебі саясаттың салқын желі,
Көп нәрсеге тұр қазір бетперде боп.
Оңтүстік, қайта сенің бақытың бар,
Астанаға мұндай той жеткен де жоқ.
Абылай қазақ үшін қанын төкті,
Бір тынбай ақ тер де боп, көк тер де боп.
Үш жүздің басын қосқан есіл ердің,
Үш жүзге толған тойы өткен де жоқ.
Бұл сөзім - ұлтқа да сын, ұлыққа сын,
Айтпасам ақындығым құрып қалсын.
Ақордаңа сәлем айт, Айнұржан-ау,
Тарихқа бүйтіп көзін суытпасын.
Атасына не істесе, өзінің де
Алдына сол келерін ұмытпасын.
Айнұр Тұрсынбаева қарсыласының бұл сөзіне:
– Ел ағасында үмітім,
Еңбектенуде күні-түн.
Еңкеймесін деп бүгінгі,
Егемен елдің байрағы, - деп қысқа жауап қайырды.
Your browser doesn’t support HTML5