Шілденің 8-9-ы күндері Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Ел, Елбасы, Астана» деген атпен ақындар айтысы өтті. Алғашқы күні айтысқан 20 ақынның арасынан іріктеліп шыққан он адам екінші күні бес жұп болды. Айтыстың екінші күніндегі екінші жұп - Мейірбек Сұлтанхан мен Сара Тоқтамысова.
Сөз бастаған Мейірбек Сұлтанхан «айтыс билік тарапынан қағажу көріп келе жатыр» дей келе «Астана күні» мерекесі қарсаңында айтыс өткізуге орын табылмағанын айтты:
– Астана мерекесі бола қалса,
Қонақтарды шақырып қамданасың.
Әрқайсысына миллиондап доллар шашып,
Азғантай атағына малданасың.
Ет-сорпаңды соларға сораптатып,
Қара халық жалайды қалған асын.
Ал енді айтыс жаса десе болды,
Көкелер, ақша таппай зарланасың
Мерекенің кезінде зал да таппай,
Сахнаны кейін алып малданасың.
Экраннан көрсету былай тұрсын,
Көшеге ілдірмеді-ау жарнамасын.
Ал Сара Тоқтамысова елдегі әлеуметтік мәселелерді былайша суреттеді.
– Жарқырап, жұлдыз құсап от тастады,
«Еуродақ» болып топ бастадық.
Орташа банктерді кризистен
Құтқарарда басты біз ап қашпадық.
Шаңырағын банктер тартып алып
Жатқандарға алайда жақтаспадық.
Астанада тұратын үй таба аламай,
Жүргендерге бірақ та жақты ашпадық.
Есесіне шет елден келгендерге,
Бес жұлдызды отельдер сап тастадық.
Қазылар алқасы жеңісті Мейірбек Сұлтанханға берді.
Сөз бастаған Мейірбек Сұлтанхан «айтыс билік тарапынан қағажу көріп келе жатыр» дей келе «Астана күні» мерекесі қарсаңында айтыс өткізуге орын табылмағанын айтты:
– Астана мерекесі бола қалса,
Қонақтарды шақырып қамданасың.
Әрқайсысына миллиондап доллар шашып,
Азғантай атағына малданасың.
Ет-сорпаңды соларға сораптатып,
Қара халық жалайды қалған асын.
Ал енді айтыс жаса десе болды,
Көкелер, ақша таппай зарланасың
Мерекенің кезінде зал да таппай,
Сахнаны кейін алып малданасың.
Экраннан көрсету былай тұрсын,
Көшеге ілдірмеді-ау жарнамасын.
Ал Сара Тоқтамысова елдегі әлеуметтік мәселелерді былайша суреттеді.
«Еуродақ» болып топ бастадық.
Орташа банктерді кризистен
Құтқарарда басты біз ап қашпадық.
Шаңырағын банктер тартып алып
Жатқандарға алайда жақтаспадық.
Астанада тұратын үй таба аламай,
Жүргендерге бірақ та жақты ашпадық.
Есесіне шет елден келгендерге,
Бес жұлдызды отельдер сап тастадық.
Қазылар алқасы жеңісті Мейірбек Сұлтанханға берді.
Your browser doesn’t support HTML5