Шілденің 8-9-ы күндері Астанадағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Ел, Елбасы, Астана» деген атпен ақындар айтысы өтті. Алғашқы күні айтысқан 20 ақынның арасынан іріктеліп шыққан он адам екінші күні бес жұп болып шықты.
Ақындардың алғашқы жұбы ретінде павлодарлық Аспанбек Шұғатаев пен астаналық Айнұр Тұрсынбаева айтысты.
Айтысты бастаған Аспанбек Шұғатаев тіл мәселесін айтты.
- Қазақ тілі мемлекеттік тіл болса да,
Орыс тілі билік айтады өріс кеуде.
Кешегі 41-дің қан майданымен,
Бетпе-бет есімізде көріскен де.
Сол кезде «мен» болмасам сең бұзатын,
45-те жетпес едік жеңістерге, - деді ол.
Ал Айнұр Тұрсынбаева сөз арасында қарсыласының киімін, өңірінің атын сөз етті:
– Руыңызды жазып алыпсыз,
Шапаныңыздың артына.
Шапанның емес, отанның
Мән берші, інім, парқына.
Сен келген елдің атауын,
Салайық енді талқыға.
Павлодар демей бұл жақты,
«Баянауыл» деп ат беріп,
Келтіретұғын қалпына.
Қазылар алқасы бірауыздан жеңісті Айнұр Тұрсынбаеваға берді.

Your browser doesn’t support HTML5