Мамырдың 8-9-ы күндері Алматыда студенттер сарайында Төле, Қазыбек, Әйтеке билерге арналған, «Сүйер ұлың болса, сен сүй» деген атпен екі күнге созылған айтыс өтті.
Айтыстың екінші күні сахнаға бесінші жұп болып астаналық ақын Мейірбек Сұлтанхан мен алматылық айтыскер Ринат Зайытов шықты.
Бұл айтыстың айқай-шуға ұласқанын Азаттық бұған дейін жазған. Жеңісті Мейірбек Сұлтанханға берген қазылар шешіміне наразы жұрт дүрлігіп, ақыры «екі ақын тең» деп жарияланған еді.
Айтысты бастаған Ринат Зайытов астаналық қарсыласын былай қағытты:
– Сол Астана неге осы тойлай береді?
Қит етсе, шашты сәндеп тарайсыңдар.
Сан жұртты жинап алып, саммит жасап,
Бюджеттің қазынасына қарайсыңдар.
Сол саммитте балконға шықпаңдар деп,
Қараша жұртты үйге қамайсыңдар.
Жыл сайын қала күнін жасаймыз деп,
Шетелдің әртістерін санайсыңдар.
Олардың гонорарын төлеу үшін
Көзді тағы біздерге қадайсыңдар.
Айлықтан ақшамызды ұстап қалып,
Қарапайым халықты қанайсыңдар.
Іштерің пысып жатса, той табылмай,
Тағыда календарьға қарайсыңдар.
...Осы бастан айтып қой, айналайын,
ЭКСПО-да қаншадан тонайсыңдар?
Астаналық ақын Мейірбек Сұлтанхан да қарсыласынан қалыспай, халықтың әлеуметтік жайын айтты:
– Бізден асқан шыдамды халық бар ма?
Үміттің қызыл шоғын үрлей білген.
Мемлекеттік тұрғын үй салынса да,
Пәтер жалдап, баспана тимей жүрген.
Отандық автокөлік құрастырып,
Қолжетімді бағамен мінбей жүрген.
Табиғи мұнай-газы көп болса да,
Ауылға табиғи газ кірмей жүрген.
Шаш етектен болса да байлығымыз
Шаттанып, шалқып өмір сүрмей жүрген.
Қазылар айтысты осы жерден тоқтатып, жүлде үлестіруге кірісті.
Жансая Мусина, Қанат Мырзахан мен Еркебұлан Қайназаров 100 мың теңгеден сыйақы алса, Мейірбек Сұлтанхан, Ринат Зайытов және Айнұр Тұрсынбаева 200 мың теңгелік жүлде иеленді. Ал бәйге ретінде тігілген екі көліктің бірі - Сара Тоқтамысоваға, екіншісі Мұхтар Ниязовқа табыс етілді. Бұл жолы айтыстың бас демеушісі болған Исламбек Салжановтың өкілі Дәурен Берікқажыұлы 40 мың долларлық арнайы сыйды Балғынбек Имашевқа берді.

Your browser doesn’t support HTML5