Accessibility links

Мариупольдің атқылауға ұшырауы. 11 наурыз 2022 жыл.
Мариупольдің атқылауға ұшырауы. 11 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 4-10 сәуір арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

10 сәуір. Украинадағы соғыстың 46-күні. Негізгі ақпараттар:

  • Северодонецкіде 10 сәуір таңертең мектеп пен екі тұрғын үй атқылауға ұшырады.
  • Киевке барған Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Украинаға қосымша әскери көмек беретінін мәлімдеді.
  • Зымыран соққысы жасалған Краматорск вокзалында қаза болғандар 52 адамға жетті.
  • Ресей әскері Миргород қаласына зымыранмен соққы жасап, қаладағы инфрақұрылым нысаны қирады. Екі адам зардап шеккен.
  • BBC: Ресей Украинадағы операцияға жетекшілік еткен қолбасшыны ауыстырды. Оған Украинада соғысып жатқан орыс әскері арасында әлсіз координацияны нығайтып, 9 мамырға дейін соғыстан "қандай да бір нәтиже шығару" жүктелген болуы мүмкін.
  • БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттік соғыс басталғалы бері Украинадан 4,3 млн адам босып кеткенін мәлімдеді.
  • АҚШ Ресей мұнайы импортын тоқтататын заңға қол қойды.
  • Алматыда Ресей консулдығы алдында Буча қырғыны құрбандарын еске алған белсенділерді полиция ұстап, бірнеше сағаттан кейін босатты.

Соғыс қылмысы деген не?

Украинаның Буча қаласында жүздеген бейбіт тұрғынның қазасынан соң халықаралық қауымдастық Ресей соғыс қылмысын жасап жатыр деп айыптады. АҚШ президенті Джо Байден Ресей басшысы Владимир Путинді "соғыс қылмыскері деп санаймын" деген. Ал Халықаралық қылмыстық соты Украинадағы соғыс қылмысын тексере бастады. Бұл мақалада соғыс қылмысын түсіндіреміз.

Краматорск ауруханасында вокзалдағы зымыран шабуылынан зардап шеккендерді қабылдап үлгере алмай жатыр

Украина сарбаздары шабуылдан зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр. Краматорск, 8 сәуір 2022 жыл.
Украина сарбаздары шабуылдан зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр. Краматорск, 8 сәуір 2022 жыл.


"Ауыр жарақаты барлар, қол-аяғынан айырылғандар көп. Оларға 30-40 хирург қатар ота жасап жатыр"деді қала мэрі Александр Гончаренко.

Гончаренко шабуыл кезінде вокзалд төрт мыңға жуық адам болғанын, олардың эвакуацияны күтіп отырғанын айтты.

Украина қауіпсіздік қызметінінің хабарлауынша, шабуыл салдарынан 39 адам опат болған. Арасында төрт бала бар.

Мәскеу полициясы Дмитрий Муратовқа жасалған шабуыл бойынша күдіктілерді ұстады.

Дмитрий Муратов.
Дмитрий Муратов.

Бұл туралы Ресей ішкі істер министрлігіне сілтей отырып "МВД Медиа" сайты хабарлады.

7 сәуір күні белгісіз екі адам Нобель бейбітшілік сыйлығының иегері, "Новая газета" басылымының бас редакторы Дмитрий Муратовқа ацетон араласқан майлы бояу шашып кеткен. Күдіктілердің бірі – 1984 жылғы Мәскеу тумасы. Baza басылымы күдіктінің 37 жастағы Илья Марковец дейтін азамат екенін жазды. Онда күдіктінің Украина азаматы екені айтылады. Екінші күдікті – 41 жастағы Николай Трифоновке іздеу салынды дейді басылым.

Ресей ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, оқиға 7 сәуір күні Мәскеу-Самара бағытындағы пойызда болған. Екі адам пойызға жолаушыны шығарып салушы болып кірген. Олар Муратовқа бояуды шашқан соң, қашып кеткен.

Күдіктілер шабуылды видеоға түсірген. Ұсталған күдікті Муратовқа бояуды шашқан, екіншісі сырттан видеоға түсіріп тұрған.

Журналистің өзі шабуылдаушының "Муратов, мә саған біздің жігіттер үшін" деп айқай салған. Шабуыл кезінде пойыз платформада болған. Муратов Самара ауруханасына түскен. Онда көзі күйік шалғаны, конъюктивит бары анықталған.

Украина әскерилері елдің солтүстік-шығысындағы Сумы облысы толық бақылау орнатқаны айтылды.

Облыс губернаторы Дмитрий Живицкий телеграмда Ресей әскерилері Сумы аймағынан толық шыққанын жазды. Ол тұрғындарға облыс аумағын минадан тазарту аяқталғанша келмей тұра тұрыңыздар деді.

Ресей шекарасына жақын Сумы соғыс басталғанда көп шабуылға ұшыраған аймақтардың бірі еді.

Ұлыбритания қорғаныс министрлігі бүгін, 8 сәуір таңертеңгі хабарламасында "Ресей әскері Украинаның солтүстік-шығысынан толық шықты" деді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG