Accessibility links

Мариупольдің атқылауға ұшырауы. 11 наурыз 2022 жыл.
Мариупольдің атқылауға ұшырауы. 11 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 4-10 сәуір арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

10 сәуір. Украинадағы соғыстың 46-күні. Негізгі ақпараттар:

  • Северодонецкіде 10 сәуір таңертең мектеп пен екі тұрғын үй атқылауға ұшырады.
  • Киевке барған Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Украинаға қосымша әскери көмек беретінін мәлімдеді.
  • Зымыран соққысы жасалған Краматорск вокзалында қаза болғандар 52 адамға жетті.
  • Ресей әскері Миргород қаласына зымыранмен соққы жасап, қаладағы инфрақұрылым нысаны қирады. Екі адам зардап шеккен.
  • BBC: Ресей Украинадағы операцияға жетекшілік еткен қолбасшыны ауыстырды. Оған Украинада соғысып жатқан орыс әскері арасында әлсіз координацияны нығайтып, 9 мамырға дейін соғыстан "қандай да бір нәтиже шығару" жүктелген болуы мүмкін.
  • БҰҰ босқындар ісі жөніндегі агенттік соғыс басталғалы бері Украинадан 4,3 млн адам босып кеткенін мәлімдеді.
  • АҚШ Ресей мұнайы импортын тоқтататын заңға қол қойды.
  • Алматыда Ресей консулдығы алдында Буча қырғыны құрбандарын еске алған белсенділерді полиция ұстап, бірнеше сағаттан кейін босатты.

Германия Ресейдің 40 дипломатын еліне қайтару туралы шешім қабылдады. Берлин олардан тыңшылық жасады деп күдіктенеді. Бұл туралы Германия сыртқы істер министрі Анналена Бербок мәлімдеді.

АҚШ президенті Джо Байден әскери қылмыскерлерді, соның ішінде Ресей президенті Владимир Путинді сотқа тартуға шақырды. Ресейдің Украинаға басып кіруі кезінде жасалған әскери қылмыстардың айғағын жинау керек деді Байден.

"Өткен айда Путинді әскери қылмыскер деп атағаным үшін мені сынағандар болды. Бучада не болғанын көрдіңіздер. Бұл оның қылмыскер екенін растап отыр" деп мәлімдеді Байден.

Зеленский Буча қаласында, марқұмдарды жерлеу, жақынынан айырылған жанның зары, Донбасстан қашқан жұрт. Украинадағы соғыс. 4 сәуірдегі фотолар

Украина – әлемнің ең қатты миналанған елі. Бұл туралы БҰҰ-ның гуманитарлық мәселелер жөніндегі басқармасы мәлімдеді

"Жаңа миналарды тұрғын-үйлердің, ауруханалардың жанына, жол бойына орнатып жатыр. Азаматтар қақпанға түсіп, әскери қимылдар жүрген аудандардан қаша алмай қалуы мүмкін. Жол бойындағы және тұрғын үйлер маңындағы миналар гуманитарлық ұйымдардың аса мұқтаж адамдарға көмек көрсетуін шектейді" делінген ұйым мәлімдемесінде.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG