Ресей Украинаға соғыс ашқалы кемі 41 бала опат болып, 76 бала жараланған. Бұл туралы Украинаның адам құқығы жөніндегі уәкілі Людмила Денисова хабарлады.
Оның сөзінше, Ресей әскері қоршауға алған Мариуполь мен Волновахтағы адам шығыны жайлы деректі алу қиын болып тұр.
Америкалық Bloomberg, CNN және The New York Times басылымдары АҚШ билігі бүгін Ресей мұнайының импортына санкция салады деп хабарлады.
Ресей Украинадағы соғысқа Сириядан жалдамалы солдаттар әкелуге тырысып жатыр деп мәлімдеді АҚШ қорғаныс департаменті.
Дүйсенбіде америкалық Wall Street Journal басылымы АҚШ билігіндегі дереккөзіне сүйеніп, Ресей "Киевті алу үшін қала ішіндегі шайқастарда тәжірибесі бар" сириялық жалдамалы әскерилер алдырды деп жазды.
Сириялық белсенділер жүргізетін Deir Ezzor 24 сайты Ресей өткен айда сириялықтарға "Украинаға барып, күзетші болу үшін" 200-300 доллар жалақы ұсынған деп жазған еді.
"Ресейліктер біздің балаларымызды соғыс балаларына айналдырды" деп жазды Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк. Ол твиттеріне жеті жастағы баласы салған мына суретті жариялады.
ПІКІРЛЕР