Украина тарабы Мариупольден бейбіт тұрғындарды эвакуациялай алмағанын мәлімдеді. Олар Ресей тарабы гуманитарлық коридорға шабуыл жасады дейді. Ресей бұл ақпаратқа қатысты әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.
Британиялық British Petroleum компаниясы да Ресейден мұнай мен газ сатып алу бойынша жаңа келісімдерге қол қоймайды. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.
Бүгін Shell компаниясы да Ресейдің мұнайы мен газынан бас тартқан. Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский батыс елдерін Ресей мұнайынан бас тартуға шақырған еді, бірақ АҚШ пен Еуропа одағы мұнай импортына санкция салған жоқ.
KFC мен Pizza Hut иесі "Yum! Brands" Ресейдегі бизнесіне инвестиция салуды және дамыту жұмыстарын тоқтатады. Компания мәлімдемесіне қарағанда, Ресейде қазір жұмыс істеп тұрған KFC мен Pizza Hut орындары қала береді, жаңа орындар ашылмайды.
Зеленский қайда?
Украинадағы соғыс кезінде елдің президенті Владимир Зеленский Киевтен басқа елге кетті деген түрлі ақпарат бірнеше рет шыққан. Зеленский желідегі парақтарында бұл ақпараттарды жиі жоққа шығарып, Киевте, президент кеңсесінде екенін айтып келеді. Ол 7-8 наурызда Киевтен видео жариялады.
ПІКІРЛЕР