Украинаның вице-премьері Ирина Верещук бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридор Мариуполь — Запорожье арасында ашылғанын мәлімдеді.
БҰҰ есебінше, соғыс басталғалы Украинадан екі миллион адам кеткен. Олардың басым бөлігі Польшаға өткен.
БҰҰ бұл Еуропадағы Екінші дүниежүзілік соғыстан бергі ең үлкен босқындар дағдарысы деп мәлімдеді.
Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді. Бұған қоса, компания Ресейдегі ұшақтарға арналған жанармай шығаратын сервис станцияларын да жабады.
Ресей - санкциялар бойынша лидер
Америкалық Castellum.AI технологиялық компаниясының есебінше, Ресей санкциялар саны бойынша әлемде алдыңғы қатарға шықты. Бұл елге 5500-ден астам санкция салынған. Путин әскері Украинаға басып кіргелі, яғни, 24 ақпаннан бері Ресей 2778 санкцияға ілікті.
- Ресей - 5532 санкция
- Иран- 3616
- Сирия - 2608
- Солтүстік Корея- 2077
- Венесуэла - 651
- Мьянма - 510
- Куба - 208
Дереккөз: Castellum.AI
ПІКІРЛЕР