Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
22:53 7.3.2022

ЕО Украина, Грузия, Молдованың одаққа мүше болу өтінішін қарай бастады

ВВС-дің Орыс қызметінің жазуынша, Еуропа одағы 7 наурызда Украина, Грузия және Молдованың одаққа мүше болу үшін жіберген өтініштерін қарай бастады.

Өтініш жазған ел бірден Еуропа одағына мүше бола алмайды. Өтініш жолдау – процестің басы ғана. Бұл процесс ұзаққа, яғни көп жылға созылуы мүмкін және Еуропа одағына қабылдануға еш кепілдік жоқ.

Дегенмен сарапшылар Ресейдің аргессиясы күшейген тұста постсоветтік үш елдің өтініш жазуының символдық мәні бар дейді.

Франциялық дипломаттарға сілтеме жасаған Agence France Presse агенттігі дүйсенбіде Брюссель формальды түрде Еурокомиссиядан үш елдің өтінішін бағалауды сұрады.

Еурокомиссияның бағалау процесі де бірнеше жылға созылуы мүмкін. Одан соң Еуропа одағына мүше 27 ел өтініш жазған елдерді қатарларына қабылдау үшін реформа жасауды ұсынады. Ал реформа жасау бір я екі айдың шаруасы емес, оған да ұзақ уақыт кетеді.

22:55 7.3.2022
Украина мен Ресей арасындағы келіссөздің үшінші раунды аяқталғаны хабарланды. Келіссөзде не талқыланғаны әзірге белгісіз.

23:03 7.3.2022

Беларусьте Украина мен Ресей арасындағы келіссөздің үшінші кезеңі аяқталды.

Келіссөзге қатысқан Украина делегациясының өкілі Михаил Подоляк "келіссөзде жағдайда түбегейлі өзгертетін нәтижеге әлі қол жеткізген жоқпыз" деді.

Оның сөзінше, атысты тоқтатып, келісімге келу үшін кеңесу мен келіссөз әлі жалғасады.

00:09 8.3.2022

Украинадағы соғыс. 7 наурызда не болды? Қысқа-нұсқа шолып шықтық:

  • Ресейлік әскерилер 7 наурыз таңертең Николаев қаласын атқылай бастаған. Киев те де жарылыс дауыстары естілді. Түнде Харьков пен Одесса облысында атыс болғаны хабарланды. Ресей қорғаныс министрлігі Харьковтағы физика-техникалық институтының реакторын жаруды жоспарлаймыз деді.
  • Ресей мен Украина арасындағы келіссөздің үшінші раунды өтті. Келіссөзге қатысқан Украина делегациясының өкілі Михаил Подоляк "келіссөзде жағдайда түбегейлі өзгертетін нәтижеге әлі қол жеткізген жоқпыз" деді. Екі тараптың талқысы алдағы күндері жалғаспақ.
  • БҰҰ Адам құқығы жөніндегі басқармасы: Соғыс басталғалы Украинада кемі 406 бейбіт тұрғын қаза болды, оның ішінде 27 бала бар. Кемі 801 бейбіт тұрғын жараланды.
  • Украинаның бас штабы Ресей 11 мыңнан аса әскериінен айырылды дейді. Ресей билігі 2 наурызда 498 әскериінен айырылғанынын, 1597 солдаты жараланғанын айтқан. Сол кезде Украина тарабы Ресейдің бес мыңға жуық әскерін өлтірдік деген еді. Мәскеу 2 наурыздан соң әскери шығыны жайлы ешқандай хабар таратпады.
  • Ресей әскерилері Мелитополь қаласындағы телемұнараны және радиобайланыс мұнарасын басып алды.
  • Украина президенті Зеленский Ресейді бейбіт тұрғындарды өлтірді деп айыптады. Бұған дейін Ирпень қаласында эвакуация кезінде жас отбасының бірнеше адамы қаза тапқан еді.
  • Украина қорғаныс министрлігі Чугуев қаласын қайтарып алғанын мәлімдеді.
  • БҰҰ халықаралық соты Украинаның Ресейге қарсы түсірген шағымын қарай бастады.
  • Украинадағы Николаев облысы әкімшілігінің басшысы Виталий Ким Николаев қаласындағы әуежай Украинаның бақылауына өтті деп мәлімдеді.
  • Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба 10 наурызда Түркияның Анталия қаласында кездеседі деп жоспарланған.

Cоғыс уақытында кейбір ақпараттарды тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG