Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
20:35 7.3.2022

Беларусьте Украина мен Ресей арасындағы келіссөздің үшінші раунды басталды. Алғашқы екі раунд айтарлықтай нәтиже бермеген еді.

20:39 7.3.2022

Украина МАГАТЭ-ге Запорожье АЭС-інің жұмысшылары жұмыстарын жалғастырып жатқанын, бірақ "станцияның басшылығы ресейлік командирдің бұйрығына бағынышты" деп мәлімдеген.

Бірнеше күн бұрын Ресей әскерилері Запорожье атом станциясына бақылау орнатқан еді.

20:48 7.3.2022

"6 A сыныбындағы диссидент"

"Новая газетаның" жазуынша, Мәскеуде алтыншы сынып оқушысы сабақта Ресейдің Украинадағы әрекетімен келіспей мектептің коридорында "Слава Украине!" деп айғай салған. Осыдан соң оның үйіне полицейлер келген. 12 жастағы ұл бала үйінде жалғыз болып, есікті ашпай қояды. Кейін оның үйінің жарығын өшіріп тастаған.

22:21 7.3.2022

Ресей әскерилері Мелитополь қаласындағы телемұнараны және радиобайланыс мұнарасын басып алды. Қала әкімі Иван Федоров тұрғындарға "телеарналар мен радиоларда тарап жатқан контент жергілікті биліктің бақылауында емес" деп ескертті.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG