Bellingcat зерттеу тобының жетекшісі Христо Грозев Ресей мен Украина арасындағы келіссөзге жақын екі дереккөзіне сілтеме жасап, Ресейдің Украинаға қойып отырған талаптарын атады:
- Украина премьері етіп Юрий Бойконы тағайындау (Жоғарғы рада депутаты, бұрынғы вице-премьер), ал Зеленский формальды түрде президент болып қала береді;
- Қырымның Ресей аумағы екенін мойындау;
- "ДХР" мен "ЛХР" аумағының тәуелсіздігін мойындау.
Грозевтің жазуынша, Зеленский бұл талаптарды орындаудан бас тартқан.
Бойко Bellingcat тобының бұл ақпаратын "фейк" деп атады.
БҰҰ Адам құқығы жөніндегі басқармасы: Соғыс басталғалы Украинада кемі 406 бейбіт тұрғын қаза болды, оның ішінде 27 бала бар. Кемі 801 бейбіт тұрғын жараланды.
Еуропа одағы жақын күндері Украинаның одаққа мүше болуын талқылайды. Бұл туралы Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишель твиттерде жазды.
"Еуропа одағы Украинамен достықта, көмек көрсету жолында еш ауытқымайды" деді ол.
Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен осыған дейінгі сөзінде Украинаның одаққа кіру процесі бірнеше айда біте салатын жұмыс емес деген еді.
Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сілтеме жасап, Еуропа одағындағы бірнеше ел, соның ішінде Германия мен Нидерланды Украинаның одаққа кандидат болуына қарсы екенін хабарлады.
Қазақстандағы Kinopark және Kinoplex кинотеатрлары 1 сәуірден бастап белгісіз уақытқа жабылады. Себебі Голливуд фильмдерін ұсынатын компания Ресейге киноленталарды беруден бас тартқан. Ал Қазақстандағы бұл кинотеатрлар Голливуд фильмдерін Ресей арқылы алып келген еді.
ПІКІРЛЕР