Ресей билігі "дос емес елдердің" тізімін жасады:
- Австралия, Ұлыбритания, Еуропа одағы елдерді, Исландия, Канада, Лихтенштейн, Монако, Жаңа Зеландия, Норвегия, Оңтүстік Корея, Сан-Марино, Сингапур, АҚШ, Тайвань, Украина, Черногория, Швейцария, Жапония.
Бұл тізімді жасауды Путин тапсырған еді. Енді Ресей бұл елдерге кредиттерді рубльде төлемек.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров пен Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба 10 наурызда Түркияның Анталия қаласында кездеседі деп жоспарланған. Бұл туралы ресейлік басылымдар елдің сыртқы істер министрінің ресми өкілі Мария Захароваға сілтеме жасап, хабарлады.
Бүгін кешкісін Украина мен Ресей арасындағы келіссөздің үшінші кезеңі жалғаспақ.
Азаттықтың Украин қызметінің хабарлауынша, Қырымда "Z" белгісі бар ресейлік техникалардың қозғалысы байқалады. Кейбір көліктерде ракеталар тиелген. Біраз көліктің нөмерлері боялған немесе жасырылған.
Украинадағы Николаев облысы әкімшілігінің басшысы Виталий Ким Николаев қаласындағы әуежай Украинаның бақылауына өтті деп мәлімдеді. Бүгін қалаға және әуежайға ресейлік әскерилер шабуылдағаны хабарланған еді.
Соғыс кезінде мұндай ақпараттарды тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру мүмкін емес.
ПІКІРЛЕР