Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
16:25 6.3.2022

ОВД-Инфо: Ресейде Украинадағы соғысқа қарсы митингтерде ұсталған адам саны мыңнан асты.

  • Новосибирскіде – 260
  • Екатеринбургте – 202
  • Түменде – 121

Наразылық акциялары Ресейдің орталық аймақтарында басталып жатыр

16:36 6.3.2022

Украина президенті Владимир Зеленский Батыс елдерінен Украина әуесін қорғау алуға тағы да шақырды

Ұшуға тыйым салынған аймақ деп аталатын бұл әскери жағдай Ливияда, Боснияда және Иракта қолданылған. Мұндай жағдай енгізілсе, рұқсаты жоқ әуе техникасына Украина аумағында ұшуға тыйым салынады.

"Біздің аспанымызды қорғауға әлемнің қауқары жетеді" деді Зеленский жексенбі күнгі үндеуінде.

АҚШ пен Батыс елдері Украина әуесін өз жауапкершілігіне алмайтынын, мұның Ресеймен бетпе-бет келуге әкелетінін айтқан. Бірақ Батыс елдері Украинаға әскери техника жіберіп жатыр. Украина ол көмек жетпейді дейді.

Батыс Ресеймен тікелей соғысқа шығу ядролық апатқа әкеледі деп алаңдайды.

Ал Ресей президенті Владимир Путин 6 наурыз күні үшінші елдердің Украина әуесін қорғауға алуы соғысқа қатысқанмен тең деп мәлімдеді.

09:28 7.3.2022

7 наурыз таңертеңге не белгілі?

  • Ресей Украинаның түрлі қалаларын әуеден шабуылдап жатыр. Елге басып кірген Ресей әскері мен украин сарбаздары арасында ұрыс толастаған жоқ.
  • Харьковке әуеден шабуыл жасалып, Одесса облысының Тузлы елдімекеніне зымыран атылғаны хабарланды.
  • Чернигов облысының орталығы Чернигов қаласындағы бейбіт халық тұратын ауданға бомба түсіп, 40-тан аса адам қаза тапты. Житомирде лицей қирады. Киев түбіндегі Мархалевка ауылында әуе шабуылы кесірінен алты адам көз жұмды.
  • БҰҰ-ның хабарлауынша, Ресей шабуылы басталғалы Украинадан миллионнан астам адам босып кеткен.
  • ЕҚЫҰ-ның арнайы мониторинг миссиясы Украинадан кететінін хабарлады.
  • Anonymous хакерлері Ресейдегі "Россия 24", "Первый канал", "Москва 24" бірнеше телеарналарының сайтын бұзып кіріп, тікелей эфирде Украинаға шабуыл туралы «Настоящее время» арнасының репортажын көрсеткенін хабарлады.
  • Netflix Ресейдегі жұмысын тоқтатты, ал TikTok ресейлік қолданушылардың жаңа видео жариялап, стрим жүргізуіне тыйым салды. Spotify Ресейдегі премиум-жазылымға тыйым салды.
  • «Роскомнадзор» медиаресурстарды әлі де жаппай бұғаттап жатыр.
09:32 7.3.2022

Ресейдің байланыс, ақпараттық технология және бұқаралық коммуникация саласын бақылау жөніндегі федералдық қызметі ("Роскомнадзор") медиаресурстарды әлі де жаппай бұғаттап жатыр. 6 наурызда мекеме "Эхо Кавказа" (Азаттық радиосының жобасы), "Сноб", "Собеседник", "Агентство", "Эхо Москвы в Челябинске" басылымдарының сайттарын және Ресейдің біраз аймақтық ақпарат құралын, Украинаның бірнеше ресурсын ашылмайтын етіп тастады. Мұны бұғатталған сайттар тізімін жасап жатқан "Роскомсвобода" құқық қорғау жобасы хабарлады.

"Медиазонаның" дерегі бойынша, бұғатталған сайттар арасында азаматтық белсенділер туралы мәлімет беретін Activatica мен Калифорниядағы орыс диаспорасының SlavicSac сайты бар. Ресей бас прокуратурасының 24 ақпандағы талабы негізінде ел аумағында бұл сайттарға шектеу қойылды.

5 наурызда осы мекеменің талабымен оншақты басылым, соның ішінде Азаттық радиосының жобалары: "Север.Реалии", "Сибирь.Реалии", "Кавказ.Реалии", "Idel.Реалии", "Фактограф", "Маршо Радио" және "Азатлык" ашылмай қалған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG