Ресейдің Федерация кеңесі (Ресейдің сенаты) "Ресей әскері жайлы фейк таратқандарды" қылмыстық жауапкершілікке тартып, 15 жылға дейін соттайтын заңды мақұлдады. Барлық сенатор заңды қолдаған.
"Эхо Москвы" желідегі барлық парақшасын жауып, сайтын өшіретінін мәлімдеді. Бұған дейін Ресей билігі бұл медианы бұғаттап тастаған.
НАТО Украинаға әскер кіргізбейді
НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Украина аспанында ұшақ ұшпайтын зона ашпаймыз деп мәлімдеді. Ол "одақтастарымыздың пікірінше Украинаның аспанында НАТО ұшағы болмауы керек және Украина аумағында альянс әскері болмауы тиіс" деп мәлімдеді.
Столтенберг Украинадағы соғысты "Путиннің соғысы" деп атап, Кремльден тез арада атысты тоқтатуды талап етті.
Украина мен Ресей арасындағы келіссөздің үшінші раунды 5 не 6 наурызда өтуі мүмкін. Бұл туралы Украина тарабы хабарлады.
Путин Германия канцлері Шольцпен телефон арқылы сөйлескенде Украина мен Ресей тарабы демалыс күндері келіссөздің үшінші раундын өткізуді жоспарлайтын айтқан.
ПІКІРЛЕР