Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
19:29 4.3.2022

БҰҰ: Украинада 331 бейбіт тұрғын қаза болып, 675 тұрғын жараланды

БҰҰ есебінше, Ресей Украинаға соғыс ашқалы 331 бейбіт тұрғын қаза болып, 675 тұрғын жараланған.

Ресей билігі бұған дейін тек ғана әскери объектілерге шабуыл жасап жатқандарын айтқан еді. Бірақ шабуылдан Украина қалаларындағы тұрғын үйлер де қирап жатыр.

3 наурызда Ресей мен Украина арасындағы келіссөздің екінші раундында екі тарап бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридор ашуға келіскен.

Украина келіссөздің үшінші раунды 5 я 6 наурызда өтуі мүмкін дейді.

20:05 4.3.2022

Украина тарабы: Ресей бізден мұндай тегеурін күтпеді

Ресеймен келіссөз жүргізіп жатқан Украина делегациясы 4 наурызда баспасөз мәслихатын өткізіп, келіссөздің екінші раундын қорытындылады. Делегация құрамындағы Михаил Подоляк (Президент кеңсесінің өкілі) пен Давид Арахамияның (Жоғарғы рада депутаты) айтқан негізгі деректері:

  • Ресей Украинаны үш күнде-ақ аламыз деп ойлады, Батыс елдері де солай топшылады. Ресей бізден мұндай тегеурін күтпеді.
  • Украинада гуманитарлық апат болып жатыр.
  • Санкциялар Ресей экономикасын қазірдің өзінде құртты. Осыдан соң Мәскеу мәселені шешуге ниет білдіре бастады.
  • Украинада Ресей басып алған атом станцияларын "қадыровтықтар" (Шешенстаннан келген отряд) бақылап отыр. "Қадыровтықтар" атом стансаларында бірнеше қызметкерді өлтірген (Соғыс жағдайында бұл деректерді тәуелсіз дереккөздерден тексеру қиын).
  • Келіссөзде Ресейдің де, Украинаның да ұстанымы қатты, сондықтан келіссөз өте ауыр болып жатыр. Бірақ бұл процесс жалғаса береді.
20:33 4.3.2022

Ресей мемлекеттік думасының спикері Вячеслав Володин Украина президенті Владимир Зеленский Украинадан кетіп қалды дейді. Ал Украина Жоғарғы радасы Зеленский Киевте екенін айтады.

Зеленскийдің кеңесшісі Михаил Подоляк баспасөз мәслихатында Украина президентінің қайда екенін айтпады.

"Біздің президент қазір әлемде нөмері бір. Оның қауіпсіздігі жайлы ештеңе растамаймын да, жоққа да шығармаймын" деді ол.

Бүгін, Украина президентінің баспасөз хатшысы Сергей Никифоро Зеленскийдің Киев түбіндегі саяжайынан ракета сынықтары табылғанын хабарлады.

Зеленскийдің өзі бұл ракета жайлы "мүлт кетті" деген.

Бұған дейін The Times соғыс басталғалы Зеленскийге қастандық жасауға үш рет әрекет болғанын жазған.

20:44 4.3.2022

Ресейлік "Новая газета" басылымы Ресейдің Украинадағы соғысы жайлы барлық мақала, контенттерін алып тастайтынын мәлімдеді.

"Ресейдегі әскери цензура жаңа фазаға көшіп, басылымды бұғаттау мен жабудан енді журналистер мен азаматтарды қылмыстық қудалауға өтті" деп мәлімдеді газет редакциясы.

Бүгін Ресейдің Федерация кеңесі (Ресейдің сенаты) Украинада жүрген "Ресей әскері жайлы фейк таратқандарды" қылмыстық жауапкершілікке тартып, 15 жылға дейін соттайтын заңды мақұлдады. Барлық сенатор заңды қолдаған.

Сарапшылар Ресей билігі өзінің ресми ақпараттарына сай келмейтін кез келген ақпаратты "фейк" деп танып, авторларын саоттауы мүмкін деп қауіптенеді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG