Accessibility links

Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.
Украинадан Еуропаға кетіп бара жатқан әйел мен бала. 5 наурыз 2022 жыл.

Украинадағы соғыс. 1-8 наурыз арасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

  • Украинада шайқас жүріп жатқан аймақтардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау үшін гуманитарлық коридорлар ашылды. Коридор ашуды екі тарап келіссөз кезінде келіскен.
  • Украина Ресей 12 мың әскерінен айырылды деп отыр.
  • АҚШ Ресей мұнайынан бас тартады.
  • Украинадан соғыс басталғалы екі миллион адам елден кетуге мәжбүр болған.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Киевте екенін мәлімдеп, бірнеше видео жариялады.
  • Британиялық Shell мұнай-газ компаниясы ресейлік жобалардан шығатынын, Ресейден мұнай шикізатын алмайтынын мәлімдеді.
  • Жапония мен Австралия да Ресейге санкцияны күшейтті.
10:32 1.3.2022

Алматы полициясы: Көлік әйнегіне Z таңбасын қою оқиғасын анықтап жатырмыз

Өткен күндері әлеуметтік желіде артқы әйнегіне Z таңбасы қойылған көліктің суреті тараған. Таңба Ресейдің Украинаға басып кірген әскери техникасындағы белгіге ұқсайды. Жазылу стилі мен түсі дәл келеді.

"Біз аталған фактіні тексере бастадық, автокөлік иесінің әрекеті Қазақстан заңнамасына сәйкес келе ме, жоқ па, оның пайда болу себептерін анықтаймыз" деді қолданушылардың сұрақтарына жауап берген Алматы полициясы бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов.

10:14 1.3.2022

Кейінгі сағаттардың негізгі жаңалықтары:

  • Ресей Украинаның оңтүстігіндегі Херсон қаласына шабуыл бастады
  • Ресейден де, Украинадан қаза тауып жатқан сарбаздар көп
  • Киев түбінде ондаған шақырымға созылған Ресей әскери техникасы келе жатыр
  • Гаагадағы халықаралық қылмыстық сот Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылық соғысында жасалған әскери қылмыстарды тергеуді бастамақ
  • ОВД-инфо сайтының хабарлауынша, Ресейде 24 ақпаннан бері Украинадағы соғысқа қарсы наразылықта 6,5 мың адам ұсталған
  • Владимир Зеленский Украинаны Еуроодақ құрамына қосу туралы өтініш берді
  • Әлем елдері Мәскеуге қарсы санкцияларын күшейтіп жатыр. Еуроодақ "медиа тұлғалар", кәсіпкерлер, Кремльге жақын адамдар қатарынан 26 адамға жеке санкция салды. Shell мұнай компаниясы BP компаниясының ізімен Ресейдегі кәсіпорындардан кетіп жатыр. General Motors, Volvo, Volkswagen және бірқатар өзге көлік концерндері Ресейге көлік жібермейтін болды. Disney компаниясы Ресей кинотеатрларында киносын көрсетуден бас тартты. Netflix өз платформасынан Ресей телеарналарын көрсетпейді.
  • Халықаралық олимпиада комитеті спорт федерацияларына Ресей мен Беларусь спортшыларын жарыстарға қатыстырмауды ұсынды
09:34 1.3.2022

Украина әскери бөліміне шабуылда 70 сарбаз опат болды

Украинадағы Суми облысының басшысы Дмитрий Живицкий Ахтырка елдімекенінде Ресей артиллериясы Украина әскери бөлімін атқылап, салдарынан 70 әскери қызметкер мерт болғанын хабарлады.

"Үйінді астынан мәйіттерді шығару жалғасып жатыр. Төтенше жағдай мемлекеттік қызметі, еріктілер жұмыс істеп жатыр. Қаза тапқандар көп. Зиратта орын әзірленіп жатыр" деді ол.

09:23 1.3.2022

ХОК Ресей мен Беларусь спортшыларын жарыстарға қатыстырмауды ұсынды

"Ғаламдық спорт жарыстарының беделін қорғау және қатысушылардың қауіпсіздігі мақсатында ХОК Атқару комитеті халықаралық спорт федерациялары мен спорт шараларының ұйымдастырушыларына халықаралық жарыстарға Ресей мен Беларусь спортшыларын және ресми тұлғаларын шақырмауды ұсынады" делінген Халықаралық олимпиада комитетінің баспасөз хабарламасында.

ХОК сондай-ақ Ресей мен Беларусьтің туын, әнұранын, ұлттық нышандарын қолдануға болмайтынын, спортшылар тек бейтарап статуста өнер көрсете алатынын айтты.

Осы тұста Халықаралық тхэквондо федерациясы Владимир Путинді қатарынан шеттетіп, оны қара белбеуінен айырды. Ал ХОК Путиннің, Ресей вице-премьері Дмитрий Чернышенконың және президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары Дмитрий Козакты олимпиада орденінен айырды.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG