Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Украина аумағына кірген кез келген жүкті қару-жарақ деп санасақ нысанаға аламыз" деп мәлімдеді RT сайтына берген сұхбатында.
Ол НАТО елдері Украинаға ракеталық С-300 комплексін жеткізсе, жоямыз дегенді айтып қалды.
Мариупольде шабуылға ұшыраған театрдың қазіргі көрінісі. Драма театрда мыңдай адам бомбадан бас сауғалап, жасырынып отырған еді. Үйінді астында қалған адамдарды құтқару жалғасып жатыр. Жергілікті билік қазірге дейін 130 адамның құтқарылғанын хабарлады. Қаза тапқандар жайлы хабар жоқ.
Украина шабуылға Ресейді айыптаған. Мәскеу бұл шабуылды Украинаның "Азов" батальоны жасады деп отыр.
Киев билігі соғыс басталғалы қалада 222 адам қаза тапты деп хабарлады. 889 адам жараланған, зардап шеккендердің 241 бейбіт тұрғын (18 бала, жедел жәрдемнің төрт қызметкері бар).
Киевте 55 ғимарат бүлінген: 36 тұрғын үй, алты мектеп, төрт балабақша.
Роскомнадзор Youtube-ке ескерту жасады
Роскомнадзор "Youtube желісінде Ресей мен Беларусьтің темір жол байланысын істен шығару туралы жарнамалық роликтер тарап жатыр. Youtube әкімшілігінің әрекеті террористік сипатта және Ресей азаматтарының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді" деп мәлімдеді.
Ведомство Youtube желісінің иесі Google компаниясына "ресурстарыңызда Ресей әскерінің, медиасының және жалпы мемлекетінің беделін түсіретін кампания жүріп жатыр" деп ескерту жасады.
Бұған дейін Мәскеу Meta компаниясын "экстремистік" деп танып, Instagram және Facebook желілерін бұғаттап тастаған. Елде Youtube ашық.
ПІКІРЛЕР