Accessibility links

Мариуполь. 17 наурыз 2022 жыл.
Мариуполь. 17 наурыз 2022 жыл.

Соғыстың үшінші аптасында не болды?

Украинадағы соғыс жайлы барлық ақпаратты осы парақшадан таба аласыз.

19 наурыз. Украинадағы соғыста қазірге дейін болған оқиғаларды қысқа-нұсқа шолып шығыңыз.

  • Ресей әскері Украинаның оңтүстік-шығысындағы стратегиялық маңызды портты қала Мариупольге кіргенін хабарлады.
  • Киев Мариуполь түбіндегі "Азовсталь" металлургия комбинатында шайқас жүріп жатқанын мәлімдеді.
  • Украина билігі 19 наурызда атқылауға ұшыраған қалалардан тұрғындарды эвакуациялауға арналған он гуманитарлық дәліз ашылатынын айтты.
  • Еуроодақ билігі санкцияға ілінген ірі ресейлік кәсіпкерлердің активтерін соғыс аяқталған соң Украинаны қалпына келтіруге жұмсау мүмкіндігін талқылап жатыр деп хабарлады Bloomberg.
  • Сенбі күні Ресейде соғысқа қарсы акциялар өтіп, Санкт-Петербургте кемінде бес адам ұсталған. Полиция тәуелсіз басылым тілшілерінің үйіне барған.
  • Болгария Украинадағы соғысқа байланысты Ресей газынан бас тартады.
  • АҚШ президенті Джо Байден Қытай басшысы Си Цзиньпинмен телефон арқылы сөйлесіп, Ресейдің Украинаға басқыншылығын талқылады. Байден Сиге Қытай Ресейге көмектессе, салдары ауыр болатынын ескертті.
  • БҰҰ: Соғыс басталғалы Украинада кемі 816 бейбіт тұрғын қаза болды. Ұйым құрбандар саны бұдан да көп деп есептейді.
  • Литва, Латвия, Эстония және Болгария ресейлік дипломаттарды елден шығарады.
  • Киев билігі соғыс басталғалы қалада 222 адам қаза тауып, 889 адам жараланды деп мәлімдеді.
  • Мариуполь қаласындағы драма театрға шабуылдан 1300 адам зардап шеккен. Құтқарушылар бүлінген театрда қалып қойған 130 адамды құтқарды.
  • Ресей билігі "Қырымның Ресей құрамына қосылғанын" атап өтті. Мәскеудегі "Лужники" стадионында өткен шараға 203 мыңдай адам қатысқаны айтылды. Бұл шараға Путин келіп, сөз сөйледі.
18:32 18.3.2022

Литва, Латвия, Эстония және Болгария ресейлік дипломаттарды елден шығарады

Болгария тоғыз, Литва төрт, Лавтия мен Эстония үш дипломатты Ресейге қайтармақ. Бұл елдер "ресейлік дипломаттар статусына сай жұмыс істемеді" дейді.

Ал Еуропарламент Беларусь және Ресей дипломаттарын Брюссель мен Страсбургтегі резиденциясына кіргізуден бас тартты.

19:27 18.3.2022

Ресей билігі Мәскеуде "Қырымның Ресей құрамына қосылғанына сегіз жыл толуын" тойлады. Мәскеу полициясының мәліметінше, "Лужники" стадионында өткен шараға 203 мыңдай адам қатысқан.

Стадионға 80 мың адам сияды, бірақ адамдардың көбі футбол алаңында да тұрды. Шараға Ресей президенті Путин келіп сөз сөйледі.

Ресей Қырымды 2014 жылы аннексиялап алған. Осыдан соң Батыс елдері мен Мәскеудің арасы суып, Ресейге санкциялар салына бастады.

20:04 18.3.2022

БҰҰ: Соғыс басталғалы Украинада кемі 816 бейбіт тұрғын қаза болды

Ресей Украинаға басып кіргелі Украинада кем дегенде 816 бейбіт тұрғын опат болды деп хабарлады БҰҰ.

Ұйым бейбіт азаматтардың көбі ауыр артиллерия, ракета атқылауынан және әуе шабуылынан қаза тапты дейді.

БҰҰ қаза тапқандар саны бұдан да көп деп есептейді. Себебі бұл дерекке Ресей қоршауында қалған Мариуполь қаласындағы құрбандар кірмеген.

Мариуполь билігі Ресей шабуылынан 2 мыңнан аса адам қаза болғанын айтқан.

20:35 18.3.2022

18 наурыз. Украинадағы соғыста қазірге дейін болған оқиғаларды қысқа-нұсқа шолып шығыңыз.

  • БҰҰ: Соғыс басталғалы Украинада кемі 816 бейбіт тұрғын қаза болды. Ұйым құрбандар саны бұдан да көп деп есептейді.
  • Литва, Латвия, Эстония және Болгария ресейлік дипломаттарды елден шығарады.
  • Киев билігі соғыс басталғалы қалада 222 адам қаза тауып, 889 адам жараланды деп мәлімдеді.
  • Мариуполь қаласындағы драма театрға шабуылдан 1300 адам зардап шеккен. Құтқарушылар бүлінген театрда қалып қойған 130 адамды құтқарды, құтқару жұмыстары жалғаып жатыр.
  • Ресей зымыранының қалдықтары Киевтегі көп қабатты үйге құлап, бір адам қаза тапты, төрт адам жараланды.
  • Ресей Украинаның батысындағы ең ірі қалаЛьвов әуежайының айналасын атқылады.
  • Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Украина аумағына кірген кез келген жүкті қару-жарақ деп санасақ нысанаға аламыз" деп мәлімдеді.
  • Ұлыбритания кремльшіл Russia Today телеарнасын лицензиясынан айырды.
  • Ресей билігі "Қырымның Ресей құрамына қосылғанын" атап өтіп жатыр. Мәскеудегі "Лужники" стадионында өткен шараға 203 мыңдай адам қатысқаны айтылды. Бұл шараға Путин келіп, сөз сөйледі.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG