«ҚазМұнайГаз» компаниясына қарасты «Ойл транспорт корпорэйшн» серіктестігінің Жетібай көліктік технология басқармасы жұмысшылары жалақы жөнінде басшылыққа хат жазғаны үшін қуғын көргендерін айтты.
Жүргізуші Тәжік Төлешовтың айтуынша, тамыз айының аяғында кәсіпорынның шамамен 180 жұмысшысы басшылыққа жалақыны өсіру жөнінде хат жазған. «Енді басшылар сол үшін хатқа қол қойған азаматтарды қуғындап жатыр» деді ол.
«БІЛМЕСТІКПЕН ҚОЛ ҚОЙҒАНБЫЗ»
– Кеше, алдыңғы күндері басшылық (Жетібайдағы автопарк басшылығы – Тәжік Төлешов) хатқа қол қойған адамдарды бір-бірлеп шақырып, «неге хатқа қол қоясыңдар» деп тергеді. Енді «білместікпен қол қойғанбыз» деген арызға күштеп қол қойғызып жатыр, – деді Тәжік Төлешов.
Ол жұмысшылардың талабы орынды деп санайды.
– Біз «айды немесе күнді алып беріңдер» деген жоқпыз. Егер «Маңғыстаумұнайгазда» алты кәсіпорын болса, ең аз жалақы – бізде. Хатта «Ақшаны әне-міне өсіресіңдер дейсіңдер, әлі өскен жоқ, айына алатын 130-140 мың теңге жетпейді» деп ашығын айттық. Олар келісім-шартты бұзып, жалақыны дұрыс төлемей отыр. Бұрынғыдан жағдайымыз нашарлап бара жатыр. Бәлкім, жоғарыдағы бастықтар бер жақтағы бастықтарға қысым жасаған шығар. Білмеймін, – дейді Тәжік Төлешов.
Осы кәсіпорынның жұмысшысы, бірақ өзі хатқа қол қоймаған Моторбай (фамилиясын айтпады) да жұмысшылардың жалақысы төмен екенін айтты.
– Жылдың басынан бері қарай «түбіркүлездік» төленбай жатыр. Бұрын 2011 жылдың желтоқсан айына дейін төленіп келген. Сосын көлікті жөндеу үшін төленетін қаржы да жақынға дейін төленбей келді. Біз қалған мекемелерге қарағанда ең аз жалақы аламыз. Біздің жалақымызға қосымша төленетін ставка көлемі – 0,5 пайыз, ал қалғандарында – 0,8 пайыз. Көбісі жоспарды қалыпты орындап жүрсе де, жалақылары 120-130-дан (120-130 мың теңгеден) аспайды, – деді Моторбай.
«ЖАЗСА, ЖАЗҒАН ШЫҒАР»
Біз сәрсенбі күні бұл туралы «Ойл транспорт корпорэйшн» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (ЖШС) қарасты Жетібай көліктік технология басқармасына хабарласқанымызда, қабылдау бөлмесінде отырған Талғат есімді қызметкер басшылардың «орнында жоқ» екенін айтты.
«Жұмысшылардың басшылыққа хат жазғаны рас па?» деп сұрағанымызда:
– Білмеймін, мен жақында ғана демалыстан келгенмін. Жазса, жазған шығар, – деп жауап берді.
Бұдан кейін де бірнеше рет телефон соққанымызбен, басқармадан ешкім жауап бермеді.
«БІЗ ДЕ ХАТ ЖАЗҒАЛЫ ОТЫРМЫЗ»
«Ойл транпорт корпорэйшнге» қарасты Маңғышлақ көліктік технология басқармасының жұмысшысы Жұмагелдин Темірхан кәсіпорын жұмысшыларының басшылыққа хат жазбақ болып отырғанын айтты.
- Жалақымыз өте аз. Жаңаөзендіктермен салыстырғанда 50 пайызға кем аламыз. Ал атқаратын жұмыс көлемі үлкен. Жүргізуші ретінде күніне 650 шақырым жүріп келеміз де келесі күні 750 шақырым жол жүреміз. Жүк емес, адам тасимыз. Демалыссыз істейміз. 25 күн жұмыс істейміз. Сол еңбекті бағаламай отыр, - деді ол.
«Ойл транспорт корпорэйшн» ЖШС-ның тапсырыс берушісі «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы – мұнай-газ өндіру саласы бойынша республикадағы ең ірі кәсіпорындардың бірі. Ресми дерекке қарағанда, онда бүкіл республикаға тиесілі өнімнің 8 пайызы өндіріледі.

Күніне 650 шақырым жүріп келеміз де келесі күні 750 шақырым жол жүреміз. Жүк емес, адам тасимыз. Демалыссыз 25 күн жұмыс істейміз. Сол еңбекті бағаламай отыр.