Украина бас прокурорының кеңсесі 2022 жылдың ақпанынан бері соғыстың салдарынан елде 585 бала өлім құшты деп мәлімдеді. Әскери қимыл кезінде 1664 украин баласы жарақаттанған.
Украина бойынша балалар көп зардап шеккен аймақтарға Донецк, Херсон, Харьков, Днепротепровск, Киев, Запорожье және Николаев облыстары жатады.
Жуырда Украина ішкі істер министрінің орынбасары Леонид Тимченко соғыстың салдарынан 1700-ден астам бала із-түзсіз жоғалғанын айтқан. Ерекше жағдайда жоғалған тұлғалардың бірыңғай реестрінде 52 мыңнан асам адамның аты-жөні бар.
ПІКІРЛЕР