Түрмедегі кәсіпкерлік
Қазақстан колонияларында кәсібін ашқан санаулы жеке кәсіпкер мардымсыз жалақы, қатал тәртіп жағдайында жұмыс істейді. Тұтқындарды ұстауға жұмсалатын мемлекет шығынын азайту үшін ел билігі «Түрмелерде жұмыспен қамту» бағдарламасын екі жыл бұрын іске қосқан. Қылмыстық-атқару департаменті дерегінше, Павлодар облысы түрмелерінде төрт ЖК (жеке кәсіпкер) тіркелген. Олар жиһаз шығарумен, темірден бұйым жасаумен, жұмысшылардың униформасын тігумен айналысады.