- Авторы: Дилара ИСА
Түркістанда короновирус жұқтырған адам Нұр-Сұлтаннан келген
Түркістан облысында короновирус жұқтырған 4 адамның үшеуі 21 наурыз күні Нұр-Сұлтаннан келген Жетісай ауданының тұрғынмен байланыста болған, біреуі Алматы қаласынан келген. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов мәлім етті.
31 наурызда кешке қарай Түркістан облысында Нұр-Сұлтаннан келген Жетісай қаласының тұрғынынан короновирус жұқтырғаны анықталған еді. 27 наурызда науқастың дене қызуы көтерілген. 30 наурызда дәрігерлердің көмегіне жүгінген.
Бірінші науқас 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы пойызбен Қарағанды вокзалына жетіп, ол жерде алты сағат отырған. 22 наурыз күні таңертең Петропавл-Қызылорда бағытындағы пойызға мініп, 23 наурызда Шымкент вокзалына түскен. Жеке көлікпен Жетісай қаласына жеткен.
Науқас 16 адаммен қарым-қатынаста болған. Олардың бесеуі – Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары, 11-і - Жетісай тұрғындары.
Жалпы елде науқастар саны 348 адамға жетті. Денсаулық сақтау министрлігі таңертең Шымкентте - бір адам, Түркістан облысында төрт адамнан коронавирус анықталғанын хабарлаған. Елде 24 адам (8 адам - Алматыда, 16 адам - Нұр-Сұлтанда) дерттен айыққан. Екі адам көз жұмған.
Қазақстанда бес адамнан коронавирус табылды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 1 сәуір таңертеңгі сағат 8:15-те Қазақстанда тағы бес адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Шымкентте - 1 адам, Түркістан облысында 4 адамға вирус жұққаны анықталған.
Қазақстанда науқастар саны 348 адам болды:
- Нұр-Сұлтанда - 178 адам
- Алматыда - 82 адам
- Қарағандыда - 13 адам
- Атырау облысында - 16 адам
- Ақмола облысында - 10 адам
- Алматы облысында - 8 адам
- Қызылорда облысында - 18 адам
- Жамбыл облысында - 3 адам
- Шымкентте - 3 адам
- Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
- Ақтөбе облысында - 3 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам
- Павлодар облысында - 2 адам
- Маңғыстау облысында - 1 адам
- Түркістан облысында - 5 адам.
Коронавирустан 24 адам (Алматыда - 8 адам, Нұр-Сұлтанда - 16 адам) айыққан. Екі адам көз жұмған. Республиканың басым бөлігінде шектеу шаралары енгізілді.
Қазақстанда үшінші науқас коронавирустан көз жұмды
Денсаулық сақтау министрлігі Қарағандыда бір науқас коронавирустан көз жұмды деп хабарлады.
Қазақстанда барлығы үш адам вирустан қайтыс болды. 31 наурызда Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам қайтыс болған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылының 65 жастағы тұрғыны көз жұмған еді.
Науқастар саны 15 адамға көбейді
1 сәуірде денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтанда - 6, Алматыда - 2, Қарағанды облысында - 1, Ақмола облысында 6 адамға вирус жұққаны анықталғанын хабарлады.
Елде науқастардың жалпы саны 363 адамға жетті:
- Нұр-Сұлтанда - 184 адам
- Алматыда - 84 адам
- Қарағандыда - 14 адам
- Атырау облысында - 16 адам
- Ақмола облысында - 16 адам
- Алматы облысында - 8 адам
- Қызылорда облысында - 18 адам
- Жамбыл облысында - 3 адам
- Шымкентте - 3 адам
- Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
- Ақтөбе облысында - 3 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам
- Павлодар облысында - 2 адам
- Маңғыстау облысында - 1 адам
- Түркістан облысында - 5 адам.
Коронавирустан 24 адам (Алматыда - 8 адам, Нұр-Сұлтанда - 16 адам) айыққан. Үш адам көз жұмған.
ПІКІРЛЕР