Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

12:02 31.3.2020

1 сәуірде қашықтан оқыту жүйесін сынақтан өткізеді

Мектеп оқушылары. Көрнекі сурет.
Мектеп оқушылары. Көрнекі сурет.

Дүйсенбі күні білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1 сәуірде барлық мектептер қашықтан оқыту жүйесін сынақтан өткізеді деп хабарлады. Министрдің айтуынша, студенттер мен оқушылар интернет-ресурстарын тегін пайдаланады.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты мектеп оқушыларының көктемгі демалысы бір апта ерте - 16 наурызда басталған. 6 сәуірде оқушылар қашықтан оқи бастайды. Сабақтың ұзақтығы - 30 минут болады. Мектеп мұғалімдері түрлі жүйе арқылы оқушылардың сабаққа қатысуын тексеріп, бағалайды.

12:55 31.3.2020

Коронавирустан қайтыс болған екінші науқас туралы қазірге дейін не белгілі?

Нұр-Сұлтанда коронавирустан көз жұмған екінші науқас 21 наурызда ауруханаға ауыр жағдайда түскен. Тынысы тарылып, пневмониямен ауыратыны анықталған.

Coronavirus2020.kz сайтының Телеграм арнасындағы дерекке сәйкес, қант диабеті, инсулинге тәуелділік және қан қысымының жоғары болуы жағдайын одан сайын қиындатып жіберген. 22 наурызда реанимацияға ауыстырылып, интенсивті терапия жүргізілген. Диагностика кезінде коронавирус инфекциясы бары анықталған.

Интенсивті терапияға қарамастан науқастың жағдайы барған сайын нашарлай берген. 31 наурызда түнгі сағат 3.30 шамасында жүрегі тоқтаған.

Бұған дейін қалалық денсаулық сақтау басқармасы науқастың жасы 50-де болғанын, іссапарларға жиі шыққанын айтқан еді. Марқұмның екі жақынынан коронавирус анықталған.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастар саны 325-ке жеткен. Нұр-Сұлтан қаласы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша республикада бірінші орында тұр. Мұнда 175 адамнан вирус табылған. Алматыда - 82, Қарағанды мен Атырауда - 13 науқас тіркелген. Елдің басым бөлігінде шектеу шаралары енгізілген.

13:42 31.3.2020

Денсаулық басқармасы: Алматыда 2 жасар баланың жағдайы жақсарып келеді

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, қалада коронавирус жұққан 82 адамның (4 ер адам, 2 әйел, бір бала) жетеуі жазылған. Қалалық инфекциялық ауруханада 76 науқас емделіп жатыр. Олардың арасында екі бала бар.

- 66 науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бір ересек адамның жағдайы ауыр. Тоғыз науқастың халі орташа ауыр күйде. 2 жасар баланың жағдайы жақсарып келеді. Бүгін (31 наурыз) соңғы анализді күтіп отырмыз, егер нәтижесі теріс болса, ауруханадан шығаруға дайынбыз, - деді Тілеухан Әбілдаев.

Оның айтуынша, жаңадан коронавирус табылған тоғыз адамның барлығы сырттан келген: 5 адам - 30 наурызда Стамбул - Алматы бағыты бойынша ұшақпен келген. 6 адам 29 наурызда - Минскіден, 3 адам Дубайдан әр уақытта ұшып келген.

Қазір қалада 697 адам провизорлық стационарда жатыр. Олардың 84-і - бала. Екі күндік карантинде - 1029 адам, 3156 адам - үйде карантинде жатыр.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастар саны 325-ке жеткен. Алматы қаласы коронавирус жұқтырғандар саны бойынша республикада Нұр-Сұлтаннан (175) кейін еікнші орында тұр. Мұнда 82 адамнан вирус табылған. Қалада 19 наурызда карантин жарияланған. 22 наурызда жолаушылар пойызы және ішкі рейстер тоқтады. 1 сәуірден бастап халықаралық рейстер тоқтайды.

14:43 31.3.2020

Қызылордада он адамнан коронавирус табылды. Аймақта 18 адам дертке шалдықты

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 31 наурыз күндізгі сағат 15:30-да Қызылорда облысында - 10 адам, Павлодар облысында бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Елде науқастар саны 336 адамға жетті.

Барлығы 22 адам (Нұр-Сұлтан - 15, Алматы - 7) аурудан жазылған. Екі адам көз жұмған. 31 наурызда түнде Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам вирустан көз жұмды. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам қайтыс болған.

Вирус жұқтырған 336 адам мына қалаларда:

  • Нұр-Сұлтанда - 175 адам
  • Алматыда - 82 адам
  • Қарағандыда - 13 адам
  • Атырау облысында - 13 адам
  • Ақмола облысында - 10 адам
  • Алматы облысында - 8 адам
  • Қызылорда облысында - 18 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Шымкентте - 2 адам
  • Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Ақтөбе облысында - 3 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 2 адам
  • Павлодар облысында - 2 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. Қазір коронавирустың таралуын тоқтату үшін Қазақстанның басым бөлігінде жұрттың сыртқа шығуына шектеу қойылған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG