Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

15:54 30.3.2020

Жамбыл облысы мен Қызылорда облысына да шектеу енгізілмек

31 наурыздан бастап Жамбыл облысы мен Қызылорда облысында шектеу енгізілмек. Көліктердің Жамбыл облысына және Қызылорда облысына кіріп-шығуына тыйым салынады. Транзиттік көліктер ғана облыс аумағынан өте алады. Қаладағы ірі сауда орталықтары уақытша қызметін тоқтатады.Базарлар 10.00-17.00 арасында жұмыс істейді. Азық-түлік, дәріханалар жұмысы ғана жалғасады. Үш адамнан артық жиналуға тыйым салынады. Жұрттың сыртқа шығуы шектеледі.

Қазақстанда қай қалаларда карантин?

Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Атырау, Қарағанды облысындағы Қарағанды, Теміртау, Шахтинск, Саран және Абай қаласы карантинде. 31 наурыздан бастап Ақмола облысы да карантинге көшеді.

30 наурыз 16:50-дегі жағдай бойынша, елде 294 адамнан вирус табылды:

  • Нұр-Сұлтанда - 167 адам
  • Алматыда - 73 адам
  • Атырау облысында - 12 адам
  • Қарағандыда - 7 адам
  • Ақмола облысында - 9 адам
  • Алматы облысында - 7 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Шымкентте - 2 адам
  • Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Ақтөбе облысында - 2 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам
  • Қызылорда облысында - 5 адам.

Барлығы 20 адам (Нұр-Сұлтан - 13, Алматы - 7) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

16:18 30.3.2020

Қазақстан вируспен күресіп жатқан дәрігерлерге қосымша ақы төлемек

Ауруханаға келген адамның ыстығын өлшеп жатқан дәрігер. Алматы. 2020 жылдың наурызы.
Ауруханаға келген адамның ыстығын өлшеп жатқан дәрігер. Алматы. 2020 жылдың наурызы.

Қазақстан үкіметі коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлер мен медициналық қызметкерлерге үш ай бойы қосымша жалақы төлейді. Бұл шешімді төтенше жағдай бойынша мемлекеттік комиссия шығарды.

  • “Өте жоғары қауіп төнген топ” – инфекциялық стационардың қызметкерлері мен дәрігерлері, реанимация бөлімінің қызметкерлерінің айлығына 850 мың теңге қосылады. Бұл топтағы дәрігерлер 1 миллиондай теңге алады.
  • “Жоғары қауіп төнген топ” – провизорлық стационардың дәрігерлері мен жедел жәрдем қызметкерлерінің айлығына 425 мың теңге қосылады. Бұл топтағы қызметкерлер 600 мың теңгедей айлық алады.
  • “Орташа қауіп төнген топ” – карантин стационарының қызметкерлері мен дәрігерлері, санитарлық дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілер айлығына 212 мың теңге қосылып, барлығы 380 мың теңге алады.

Егер медициналық қызметкерлердің біріне коронавирус жұқтырса әлеуметтік сақтандыру қорынан 2 миллион теңге беріледі. Ал қайтыс болған жағдайда 10 миллион теңге төленеді.

17:32 30.3.2020

Қысқа-нұсқа: Қазақстандағы қазіргі жағдай бойынша 5 дерек

  • Алматы қаласында вирус жұқтырып емделіп жатқан 66 науқастың арасында 11 жасар бала мен оның әкесі бар. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
  • 31 наурыздан бастап Ақмола облысы карантинге жабылады. Жамбыл мен Қызылорда облысында шектеу енгізілмек.
  • Қазақстан үкіметі коронавируспен күресіп жатқан дәрігерлердің жалақысына үш ай бойы үстемақы төлемек. Үкіметтің есебінше, үстемақыны шамамен26 мыңдай дәрігер алады. Дәрігер вирус жұқтырса (2 млн теңге) я коронавирустан қайтыс болса (10 млн теңге) мемлекет өтемақы береді.
  • Атырау облысында бір, Қызылорда облысында бір медбикеге коронавирус жұққан.
  • 30 наурыз 17.00-дегі дерек бойынша, Қазақстанда 294 адамнан вирус табылды. 20 адам Covid-19 дертінен айықты. Бір адам қайтыс болды. Елде 273 адам емделіп жатыр.
17:54 30.3.2020

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар 300-ден асты

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 30 наурыз 18.50-дегі дерегіне сай, елде тағы сегіз коронавирус жұқтырды. Оның алтауы - Қарағанды облысында, біреуі - Нұр-Сұлтанда, біреуі Алматы облысында.

Елде қазір 302 адамнан коронавирус табылды.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG