Алматы облысында вирус жұқтырғандар саны 7 адамға жетті
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 30 наурызда түскі сағат 12:45-те Алматы облысында бір адамнан вирус табылғанын хабарлады. Осылайша облыста вирус жұқтырған саны жеті адамға жетті.
Жалпы елде науқастар саны 294 адам болды:
- Нұр-Сұлтанда - 167 адам
- Алматыда - 73 адам
- Атырау облысында - 12 адам
- Қарағандыда - 7 адам
- Ақмола облысында - 9 адам
- Алматы облысында - 7 адам
- Жамбыл облысында - 3 адам
- Шымкентте - 2 адам
- Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
- Ақтөбе облысында - 2 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
- Павлодар облысында - 1 адам
- Маңғыстау облысында - 1 адам
- Қызылорда облысында - 5 адам.
Барлығы 20 адам (Нұр-Сұлтан - 13, Алматы - 7) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.
30 наурызда Қарағанды облысындағы Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск, Абай қалалары және Атырау қаласы карантинге жабылды. Ақтау қаласында да жұрттың сыртқа шығуына шектеу қойылды. 31 наурызда Ақмола облысы да карантинге көшеді.
31 наурызда Ақмола облысы да карантинге көшеді
31 наурыз кешкі 19.00-ден бастап Ақмола облысында карантин режимі енгізіледі деп хабарлады коронавирус бойынша құрылған шұғыл штаб өкілдері. Облыс аумағына жүк көліктерінен басқа көлік құралдары мен азаматтардың кіріп-шығуына тыйым салынады. Дәріхана, азық-түлік дүкендерінен басқа ірі сауда орталықтары жабылады. Мейрамхана, дәмхана, асхана сияқты қоғамдық тамақтану орындарының тамақ жеткізуіне ғана рұқсат етіледі. Билік тұрғындарды тек қажет жағдайда ғана сыртқа шығуға шақырды. Шыққан күннің өзінде медициналық маска тағып, қолғап кию қажеттігін айтты. 65-тан асқан адамдарға үйден шықпауға кеңес берді.
Ақмола облысында соңғы дерек бойынша, 9 адамнан коронавирус табылған. Елде науқастар саны 294 адамға жеткен.
Ұзынағашта вирус жұққан науқас 67 жаста
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 30 наурызда түс кезінде Алматы облысында бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлаған еді. Coronavirus2020.kz сайтының дерегінше, Covid-19 дертіне шалдыққан адам - Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылының 67 жастағы тұрғыны. Ер адам 29 наурызда Қарасай аудандық инфекциялық ауруханасына жатқызылған. Диагнозы расталған.
Карантинге жатқызылмай тұрып, науқас Алматыда артриттен емделген.
"Ер адаммен байланыста болған екі адам анықталып, провизорлық стационарға жатқызылды" делінген сайтта.
Вирус тарап жатқан тұста үйде отырған не үшін маңызды?
ПІКІРЛЕР