Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

10:32 30.3.2020

Қазақстанда тағы 9 адамнан коронавирус табылды

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 30 наурыз сағат 11:10-дағы дерегіне сай, елде тағы 9 адамнан коронавирус табылған. Алматыда - үш адам, Батыс Қазақстан облысында - 3 адам, Ақмола облысында үш адам дертке шалдыққан.

Қазір елде науқастар саны 293 адамға жетті. Барлығы 20 адам (Нұр-Сұлтан - 13, Алматы - 7) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.

Вирус жұқтырған 293 адам мына қалаларда:

  • Нұр-Сұлтанда - 167 адам
  • Алматыда - 73 адам
  • Атырау облысында - 12 адам
  • Қарағандыда - 7 адам
  • Ақмола облысында - 9 адам
  • Алматы облысында - 6 адам
  • Жамбыл облысында - 3 адам
  • Шымкентте - 2 адам
  • Батыс Қазақстан облысы - 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
  • Ақтөбе облысында - 2 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
  • Павлодар облысында - 1 адам
  • Маңғыстау облысында - 1 адам
  • Қызылорда облысында - 5 адам.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. 28 наурыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында сақтық шаралары күшейтілді. Бұл қалаларда жұрт тек тамақ, дәрі алуға және жұмысқа шыға алады. Ал 30 наурыздан – 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтанда демалыс жарияланды. Бұл аралықта қалада қоғамдық көлік жүрмейді. Тек дәрігерлер, полицейлер, орган қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері ғана жұмысқа шығады.

30 наурызда Қарағанды облысындағы Қарағанды, Абай, Саран, Шахтинск, Абай қалалары және Атырау қаласы карантинге жабылды. Ақтау қаласында да жұрттың сыртқа шығуына шектеу қойылды.

11:13 30.3.2020

Нұр-Сұлтанда тұрғындардың жұмысқа баруы үшін жұмыс орнынан анықтамасы болуы керек деп хабарлады коронавирусқа байланысты құрылған шұғыл штаб өкілдері.

Ақпарат құралдарында істейтін тілшілерде астанада ары-бері жүру үшін қызметтік куәлік және редакция тапсырмасы болуы керек.

Нұр-Сұлтанда базар маңын залалсыздандырып жүргендер. 20 наурыз 2020 жыл.
Нұр-Сұлтанда базар маңын залалсыздандырып жүргендер. 20 наурыз 2020 жыл.

Нұр-Сұлтан - Қазақстанда коронавирус ең көп табылған қала. Мұнда соңғы дерек бойынша, 167 адамнан вирус табылған. 18 адам айыққан. 19 наурызда қалада карантин жарияланып, өткен аптаның соңында тұрғындардың үйден шығуына тыйым салынды. Олар тек азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алу үшін немесе жұмысқа бару үшін сыртқа шыға алады. 28 наурызда қалада қоғамдық көлік тоқтаған.

11:30 30.3.2020

Дәрігерлер Атыраудағы науқастардың жағдайы туралы айтты

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Атырауда коронавирус жұққан 12 науқастың жағдайы жақсы, басым бөлігінде ауру белгілері байқалмайды деп хабарлады Атырау облыстық аймақтық коммуникация қызметіне сүйенген "Ақжайық" сайты.

"Екеуінде құрғақ жөтел бар. Барлығына қажетті дәрежеде күтім көрсетіліп жатыр" деді басқарма өкілдері.

29 наурызда Атырауда вирус жұқтырған науқастар саны екі есеге көбейіп, 12 адамға жеткен.

11:50 30.3.2020

Қырғызстанда алғашқы науқас коронавирустан айықты

Қырғызстанның оңтүстігіне жіберілген дәрігерлер тобы сапар алдында.
Қырғызстанның оңтүстігіне жіберілген дәрігерлер тобы сапар алдында.

Қырғызстанның денсаулық сақтау министрі Космосбек Чолпонбаев Жалалабад облысында коронавирус жұққан бір науқастың айыққанын хабарлады. Науқас жақын арада ауруханадан шығады. Министр толық ақпаратты кейінірек айтатынын жеткізді.

30 наурызда инфекционист, пульмонолог, анестезиолог-реаниматологтардан құралған дәрігерлер тобы коронавирус жылдам тарап жатқан елдің оңтүстігіндегі елді мекендерге барды. Олар бір ай осы аумақта болады.

29 наурыз күнгі дерек бойынша, Қырғызстанда 84 адамнан коронавирус табылған. Ош облысында - 32, Жалалабад облысында - 40, Бішкек қаласында - 8, Баткен облысында - 1, Шу облысында - 2, Нарын облысында -1 адам дертке шалдыққан.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG