Қазақстанда науқастар саны 229 адам болды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 29 наурыз сағат 00.50-дегі дерегі бойынша, Алматыда бір адамнан коронавирус анықталған.
Елде барлығы 229 адамнан вирус табылған. Барлығы 18 адам (Нұр-Сұлтан - 13, Алматы - 5) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.
Қазақстанда 28 наурыз 22:00-ге дейін 78 адамнан вирус табылғаны белгілі болды. Бұған дейін елде бір күнде мұнша адамнан вирус табылмаған.
Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 28 наурыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында сақтық шаралары күшейтілді. Бұл қалаларда жұрт тек тамақ, дәрі алуға және жұмысқа шыға алады. Ал 30 наурыздан – 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтанда демалыс жарияланды. Бұл аралықта қалада қоғамдық көлік жүрмейді. Тек дәрігерлер, полицейлер, орган қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері ғана жұмысқа шығады. Үкімет 30 наурыздан бастап Ақтау қаласын карантинге жаппақ. Қалада жұрттың жүріп тұруына шектеу қойылады.
Вирус жұқтырған 229 адам мына қалаларда:
- Нұр-Сұлтанда - 135 адам
- Алматыда - 60 адам
- Қарағандыда - 7 адам
- Ақмола облысында - 6 адам
- Атырау облысында - 5 адам
- Алматы облысында - 4 адам
- Жамбыл облысында - 3 адам
- Шымкентте - 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
- Ақтөбе облысында - 1 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
- Павлодар облысында - 1 адам
- Маңғыстау облысында - 1 адам
- Қызылорда облысында - 1 адам.
Әлемде коронавирустан көз жұмғандар саны 30 мыңнан асты
Әлем елдері инфекциямен барынша күресуге тырысып жатыр. 29 наурыз түнде вирус жұқтырғандар саны 660 мыңнан астам адам болды. 140 мыңнан астам адам айыққан. Эпидемия басталғалы бері вирустан көз жұмғандар саны 30 мыңнан асты.
Италияда соңғы тәулікте 889 адам көз жұмған. Бір күн ішінде 6 мың адамнан вирус табылған. Эпидемия басталғалы бері шамамен он мың адам қайтыс болған. Вирус жұқтырғандар саны 92 мыңнан асады.
Францияда пандемия басталғалы бері вирус жұқтырғандар саны 37 мыңнан асып кеткен. 2300-ден астам адам қайтыс болған. Премьер-министр Эдуард Филипп алда екі күрделі апта күтіп тұрғанын айтты.
Нидерландыда бір күнде 93 адам қайтыс болды. 1159 адамнан коронавирус табылды. Вирустан көз жұмғандар саны 639 адамға жеткен. Вирус жұқтырғандар саны 9700-ден асты.
Ресейде бір күн ішінде 228 адамнан коронавирус табылды. Вирус тараған уақыттан бері жеті адам қайтыс болды.
АҚШ-та вирус жұқтырғандар саны 124 мыңнан асты. АҚШ президенті Дональд Трамп сенбі, 28 наурызда Нью-Йорк пен Нью-Джерси, Коннектикут штатының кейбір аудандарында карантин енгізу мәселесін қарастырып жатқанын айтты. Вирджинияға барардың алдында Ақ үйдегі баспасөз жиынында Трамп осылай деді. Кейінірек Вирджинияда президент Comfort госпитальдік кемені Нью-Йоркке жіберу шарасына қатысқан.
Журналистердің сұрақтарына жауап берген Трамп компаниялар жұмысын 12 сәуірде жалғастыра алады деп толық сеніммен айта алмайтынын жеткізді.
АҚШ ұлттық гвардиясының 12 мыңнан астам сарбазы коронавируспен күрес шараларына қатысып жатыр. Олар науқастарды тексеріп, тамақ жеткізумен айналысады.
Сенбі күнгі дерек бойынша, Нью-Йорк штатында вирус жұқтырғандар саны 52 мыңнан асқан. Көрші Нью-Джерси штатында - 8825 науқас, Коннектикутте - 1291 науқас анықталған. Үш штатта коронавирустан 6424 адам қайтыс болған. Көбі - Нью-Йорк тұрғындары.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерге қаржылай қолдау көрсетуге уәде берді
"Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрделі кезеңінде еңбек етіп жатқан дәрігерлерді қаржылай қолдауға бағытталған жаңа пакет қажет. Олар соған лайықты. Үкімет есеп-қисабын жүргізіп жатыр. Дүйсенбі күні шешімі жарияланады" деп жазды Тоқаев Twitter-де.
Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 229 адамнан коронавирус табылған. 28 наурызда бір күнде 78 адамға вирус жұққаны анықталды. 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында елде төтенше жағдай жарияланған. Коронавирус көп табылған екі қала - Нұр-Сұлтан мен Алматыда 19 наурыздан бастап карантин жарияланды.
Қазақстанда тағы 22 адамнан коронавирус табылды
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 29 наурыз таңертеңгі сағат 11.35-тегі дерегі бойынша, елде 22 адамнан коронавирус анықталған: Нұр-Сұлтанда - 16 адам, Алматыда - 4 адам, Атырау облысында - 1 адам, Қызылорда облысында - 1 адамнан вирус табылған.
Елде науқастар саны 251 адамға жетті. Барлығы 18 адам (Нұр-Сұлтан - 13, Алматы - 5) аурудан жазылған. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 65 жастағы әйел адам коронавирустан қайтыс болған.
Қазақстанда 28 наурыз 22:00-ге дейін 78 адамнан вирус табылғаны белгілі болды. Бұған дейін елде бір күнде мұнша адамнан вирус табылмаған.
Вирус жұқтырған 251 адам мына қалаларда:
- Нұр-Сұлтанда - 151 адам
- Алматыда - 64 адам
- Қарағандыда - 7 адам
- Ақмола облысында - 6 адам
- Атырау облысында - 6 адам
- Алматы облысында - 4 адам
- Жамбыл облысында - 3 адам
- Шымкентте - 2 адам
- Шығыс Қазақстан облысында - 2 адам
- Ақтөбе облысында - 1 адам
- Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам
- Павлодар облысында - 1 адам
- Маңғыстау облысында - 1 адам
- Қызылорда облысында - 2 адам.
Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. 28 наурыздан бастап Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында сақтық шаралары күшейтілді. Бұл қалаларда жұрт тек тамақ, дәрі алуға және жұмысқа шыға алады. Ал 30 наурыздан – 5 сәуір аралығында Нұр-Сұлтанда демалыс жарияланды. Бұл аралықта қалада қоғамдық көлік жүрмейді. Тек дәрігерлер, полицейлер, орган қызметкерлері мен коммуналдық қызмет өкілдері ғана жұмысқа шығады. Үкімет 30 наурыздан бастап Ақтау қаласын карантинге жаппақ. Қалада жұрттың жүріп тұруына шектеу қойылады.
ПІКІРЛЕР