Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

09:49 24.3.2020

Алматы: Коронавирус жұқтырғандар саны 30 адам болды

Алматыда тағы бір адамнан коронавирус табылды деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Министрлік таңертең Алматыда - 2 адам, Нұр-Сұлтанда - 2 адамнан коронавирус табылғанын хабарлаған.

Осылайша Қазақстанда коронавирус жұққан науқастар саны 67 адамға жетті. Алматыда - 29 адам, Нұр-Сұлтанда - 34 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында 1 адам емделіп жатыр.

11:00 24.3.2020

Ухань қаласы сәуір айында ашылады

Жабылған Ухань қаласы.
Жабылған Ухань қаласы.

Қытайдың мемлекеттік ақпарат құралдары вирус тарап, шамамен екі айдан астам уақыт жабық болған Қытайдың Ухань қаласы 8 сәуірде ашылады деп хабарлады. Өткен жылдың соңында дәл осы қалада алғаш рет коронавирус табылған еді. Содан бері вирус әлемге тарап, соңғы дерек бойынша, одан 16 мыңнан астам адам көз жұмған.

Бұған дейін Қытай билігі елде эпидемияның беті қайтқанын, негізінен шетел азаматтарынан вирус табылып жатқанын хабарлаған.

China Daily сайтының жазуынша, Хубей провинциясының қалған бөлігінде 25 наурыздан бастап жолдар ашылады.

11:10 24.3.2020

Астанада түске дейін үш адамнан коронавирус табылды

Денсаулық сақтау министрлігі Нұр-Сұлтанда тағы бір адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Сейсенбі таңертеңнен бері қалада осымен үшінші адамнан коронавирус табылғаны хабарланып отыр.

Қазақстанда коронавирус жұққан науқастар саны 68 адамға жетті. Алматыда - 29 адам, Нұр-Сұлтанда - 35 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында 1 адам емделіп жатыр.

11:44 24.3.2020

Қырғызстанның бірқатар аймақтарында төтенше жағдай жарияланады

Қырғызстанның бірқатар аймақтарында атап айтқанда, Бішкек, Ош, Жалалабад қаласы, Ош облысының Ноокат және Кара-суу ауданы, Жалалабад облысы Сузак ауданында 25 наурыз бен 15 сәуір аралығында коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланады.

Жалалабад қаласы. Қырғызстан, 24 наурыз 2020 жыл.
Жалалабад қаласы. Қырғызстан, 24 наурыз 2020 жыл.

Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, 24 наурызда Жалалабад қаласының негізгі көшелеріне блокбекеттер қойылып, адамдар мен автокөліктер кезекке тұрған. Қалаға кіріп-шығуға тыйым салынған. Жергілікті билік қала тұрғындарының денсаулығын қорғау мақсатында осындай шара қолдануға мәжбүр екенін айтқан.

Азық-түлік, дәрі-дәрмек тасыған көліктерді блокбекеттерден кезексіз өткізіп жатыр. Басқа жақта тұратын мемлекеттік орган қызметкерлері арнайы өткізу қағазының көмегімен өтеді.

23 наурыз күнгі дерек бойынша, Қырғызстанда 16 адамнан коронавирус табылған: 7 ер адам, 9 әйел.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG