Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

18:52 23.3.2020

Билік карантин жарияланбаған қалалардағы сауда орындарының жұмысына рұқсат етті

Алматыдағы базарлардың бірі. 20 наурыз 2020 жыл.
Алматыдағы базарлардың бірі. 20 наурыз 2020 жыл.

Қазақстан үкіметі төтенше жағдай кезінде карантин енгізілмеген аймақтарда сауда орындары мен базарлардың жұмыс істеуіне рұқсат етті. Бұл шешімді Сауда және интеграция министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі бірігіп қабылдады.

Сауда және интеграция министрлігінің хабарлауынша, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 15 наурыздағы ел аумағында төтенше жағдай жариялау туралы бұйрығына өзгеріс енгізілген.

Өзгеріске сай, карантин жарияланған аймақтарда аумағы 2000 шаршы метрден кем емес сауда, ойын-сауық орталықтары, гипермаркеттер, сауда үйлері, базарлар төтенше жағдай уақытында таңғы сағат оннан кешкі алтыға дейін жұмыс істейді. Тамақ сатпайтын базарлар таңғы 11-ден кешкі беске дейін ашық болады.

Бұл ереже карантиндегі Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында жүрмейді.

Қазір Қазақстанда барлығы 62 адам Covid-19 дертіне шалдықты. Нұр-Сұлтанда - 32 адам, Алматы қаласында - 26 адам, Қарағанды қаласында - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам коронавирус жұқтырды.

Қарай отырыңыз: Қазақстандағы коронавирус динамикасы

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы карантинге көшті. Төтенше жағдай жарияланғанда ел аумағындағы сауда және ойын-сауық орталықтары, тамақтан басқа зат сататын дүкендер мен сауда орындарының жұмысы тоқтатылған еді.

20:01 23.3.2020

Нұр-Сұлтанда вирус жұққан бір адам жасанды аппаратпен демалып жатыр

Нұр-Сұлтанда коронавирус табылған 32 адамның бірі қазір жасанды аппаратпен демалып жатыр. Бұл туралы 23 наурызда брифингте қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикова мәлімдеді.

Оның сөзінше, науқастан пневмония анықталған, қазір ауа жетпегендіктен аппаратпен демалып жатыр.

Кисикова 22 наурыз түнгі 12 мен 23 наурыз таңғы алты арасында Нұр-Сұлтанға келген 13 халықаралық рейстің 1104 жолаушысы оқшауланғанын айтты.

“Тоғыз рейспен келген 788 жолаушыдан коронавирусқа байланысты анализ алдынды. Барлығының анализі таза, вирус табылған жоқ” деді ол.

22:07 23.3.2020

ДДСҰ: Коронавирус пандемиясы өршіп барады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Адханом Гебрейесус
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Адханом Гебрейесус

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының директоры Тедрос Адханом Гебрейесус Женевадағы брифингте коронавирус пандемиясы өршіп бара жатқанын айтты.

“67 күнде вирус жүз мың адамға жұқты. Ал келесі жүз мың адамға вирус 11 күнде жұқты. Кейінгі төрт күнде вирус табылғандар саны үш жүз мыңға жетті” деді ол.

ДДСҰ директоры “пандемияның траекториясын өзгерте аламыз” деп үміттенеді.

Тедрос Адханом Гебрейесус G20 елдерін бірігіп, пандемиямен күресуге шақырды.

Қазір әлемде 350 мың адам вирус жұқтырып, 14500 адам қайтыс болды. 98 мың адам аурудан жазылды.

22:21 23.3.2020

Әлемдегі жағдай. Бір күнде Италияда 602 адам, Испанияда 434 адам көз жұмды

Испаниялық дәрігер. 2020 жылдың наурызы.
Испаниялық дәрігер. 2020 жылдың наурызы.
  • 23 наурызда әлемде коронавирус жұқтырғандар 350 мыңға жетіп, 15 мыңдай адам көз жұмды.
  • Италияда кейінгі 24 сағатта тағы 4790 адамнан вирус табылып, 602 адам бақилық болды. Қазір бұл елде 63928 адам дертке шалдығып, 6078 адам қаза тапты.
  • Испанияда бір күнде 2026 адам дертке шалдығып, 434 адам қаза тапты. Қазір бұл ел адам вирустан 2026 адам өлімі қайтыс болды. Испания адам өлімі бойынша Иранды (1812 адам) озып, Италия (6078) мен Қытайдан (3270) кейінгі үшінші орынға шықты.
  • АҚШ-та вирус жұқтырғандар қырық мыңға жетті. 480-нен астам адам опат болды. Қазір бұл ел вирус жұқтырғандар саны бойынша Қытай мен Италиядан кейінгі үшінші орында.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG