Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

14:32 23.3.2020

Тоқаев ұсынған дағдарысқа қарсы шаралар қандай?

23 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия жиынында коронавируспен күрес және ел экономикасын тұрақтандыру бойынша бірнеше ұсыныс жасады. Ол төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға ең төменгі жалақы мөлшерінде, 42500 теңге (шамамен 100 доллар) жәрдемақы төлеуді тапсырды. Есеп бойынша, мұндай көмекті 1,5 млн қазақстандық алады.

Бұдан бөлек, Тоқаев мынандай ұсыныстар жасады:

  • Шетелден келген кез келген адамды карантинге жіберу керек. Чартермен келгендерді де бақылауға алу қажет.
  • Коронавирусты тоқтату үшін жұмыс істеп жатқан дәрігерлерге, полицейлерге және басқа мамандарға қосымша сыйақы төлеу керек.
  • Дағдарыстан зардап шеккен жұрттың несиелерін төлеуді кейінге шегеру.
  • Шағын және орта бизнеске жылдық өсімі сегіз пайыз болатын несие беру үшін 600 миллиард теңге қарастыру керек.

Ресми дерекке сай, билік дағдарысқа қарсы бюджеттер 4,4 триллион теңге (10 млрд доллар) бөлмек.

15:05 23.3.2020

Әлемдегі қазіргі жағдай. Ташкент 24 наурыздан бастап карантинге жабылады

  • Өзбекстан билігі 24 наурыздан бастап Ташкент қаласын толық жабатынын мәлімдеді. Ел астанасында 2,5 миллион адам тұрады. Қазір бұл елде 46 адамнан вирус табылған.
  • Түркияның ұлттық әуе компаниясы Turkish Airlines халықаралық рейстерін тоқтатты. Бұл әуе компаниясының ұшақтары енді Қазақстанға да ұшпайды. Turkish Airlines рейстері тек Нью-Йорк, Вашингтон, Мәскеу, Гонконг және Аддис-Абеба (Эфиопия) қаласына ұшады. Ішкі рейстер тоқтамайды. Қазір Түркияда вирус жұқтырғандар бірнеше күннің ішінде мыңға жетіп, отыз адам қаза болды.
  • Джон Хопкинс университетінің дерегінше, АҚШ-та вирустан қаза болғандар саны 471 адамға жетті. 35 200 адамнан вирус табылған. Қазір бұл ел вирус жұқтырғандар саны бойынша Қытай мен Италиядан кейінгі үшінші орынға шықты.
  • Қытай коронавирус жұқтырған 80 мыңнан астам адамның 70 мыңдайы дерттен айыққанын хабарлады. Бұл елде қаңтардан бері вирустан 3200 адам опат болды.
  • Қазір әлемде 336 мың адам вирус жұқтырып, 14500 адам қайтыс болды. 98 мың адам аурудан жазылды.

16:01 23.3.2020

Масканы қолдан қалай жасауға болады?

Қазір дәріханада тапшы. Үйде маска қалай жасауға болады? (Видео авторы - Жанара Қаңтарбай).​

Масканы қолдан қалай жасауға болады?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:07 0:00

16:26 23.3.2020

Абаев: Вирус жұқтырғандар әлі өсіп, кейін азая бастайды

23 наурызда Қазақстан ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев арнайы брифингте “Қазақстанда вирус жұқтырғандар әлі өсіп, шегіне жетеді. Одан кейін вирус жұқтырғандар саны азаяды. Мұның бәрі бір айдың ішінде аяқталады деп үміттенеміз” деді.

Абаевтың сөзінше, қазір Қазақстанда 60 мың коронавирус тесті бар, алдағы уақытта тағы 150 мың тест келмек. Бұған қоса, демеушілер ақшасына 100 мың тест алынады. Ел аумағында коронавирус анализі тегін жүргізіледі.

“Ұлттық сараптама орталығы Қытайда шығарылған тесті пайдаланып жатыр. Бұл тест коронавирусты анықтауда өте тиімді. Оны Қытайдағы жағдай дәлелдеді” деді министр.

Абаев журналистердің “коронавирус жұқтырғандар арасында министрлер, шенеуніктер бар ма?” деген сауалына “Заңға сай, адамдардың денсаулығына қатысты ақпарат дәрігерлік құпия болып саналады. Оны жариялауға хақымыз жоқ. Бұған қоса, кім ауырса да, ол адамның дерттен айыққаны маңызды” деді.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 23 наурыздан бастап азаматтар мен журналистерге елдегі коронавирус жағдайына қатысты мәлімдеме жасау құқығын ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевқа берді. Абаев енді әр күн сайын тікелей эфирде елдегі коронавирус бойынша жағдайды баяндайды.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG