Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

13:02 23.3.2020

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұққандар саны бір адамға көбейді

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұққан бір адам анықталды деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Әзірге науқас туралы толық дерек жоқ.

23 наурызда түс кезіндегі дерек бойынша, Қазақстанда коронавирус жұққан науқастар саны 62 адамға жетті. Алматыда - 26 адам, Нұр-Сұлтанда - 32 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1, Ақтөбе облысында 1 адам емделіп жатыр.

13:39 23.3.2020

Ресейде бір күнде коронавирус жұққан 71 адам анықталды

Көшеде кетіп бара жатқан тұрғын. Мәскеу, 21 наурыз 2020 жыл.
Көшеде кетіп бара жатқан тұрғын. Мәскеу, 21 наурыз 2020 жыл.

Ресейде соңғы бір күнде 71 адамнан коронавирус табылды. Бұл туралы премьер-министр Михаил Мишустин хабарлады. Елде вирус жұққандар саны 438 адам болды.

Коронавирус жағдайын бақылау жөніндегі шұғыл штабының дерегінше, дертке жаңадан шалдыққандардың барлығы Мәскеуден анықталған.

Мишустин науқастармен байланыста болғандарды анықтаудың ыңғайлы жүйесін қалыптастыруды тапсырды. Премьер-министрдің пікірінше, ұялы байланыс операторларының дерегін осы мақсатта пайдалануға болады.

Ол сонымен бірге егде адамдарды үйден шықпауға шақырды.

Мәскеу мэрі Сергей Собянин 26 наурыз бен 14 сәуір аралығында 65 жастан асқан қала тұрғындары мен созылмалы ауруға шалдыққан адамдар үйде отыруы тиіс деп айтты. Мэрдің ресми сайтында осы туралы арнайы жарлық мәтіні де жарияланды.

Оған сәйкес, жұмыс берушілер қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге көшіруі тиіс немесе төленетін демалысқа жіберуі керек. Тек өте маңызды кәсіпорын мен мекемелер, денсаулық сақтау саласы қызметкерлері ғана жұмысын жалғаса береді.

Үйде карантинде отырғандарға 4 мың рубль (шамамен 50 доллар немесе 22 мың теңге) көлемінде бір реттік көмек беріледі. Жартысы карантиннің басында, жартысы аяғында төленеді. Коммуналдық төлемдерді кешіктірген тұрғындардың төлеміне өсімақы қосылмайды.

23 наурыздан бастап Ресей коронавирусқа байланысты Түркия, Таиландқа қатынайтын ұшақ рейстерін азайтқан. Қазір бұл елдерге тек Мәскеуден ғана ұшуға болады. Бұған дейін "Аэрофлот" әуе компаниясы Еуропаның бірқатар еліне рейстерді шектеген.

13:40 23.3.2020

Тоқаев басқа да елдімекендерде карантин жариялау жайлы айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы блокбекеттердің бірінде тұр. 19 наурыз 2020 жыл.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан қаласындағы блокбекеттердің бірінде тұр. 19 наурыз 2020 жыл.

23 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия жиынында жақын уақытта ірі елдімекендерді карантинге жабу жағын ойластыру керегін мәлімдеді.

Тоқаев астана мен Алматыда карантин аймақтарын толық қоршап, жаяу адамдарды да қалаға кіргізбеуді тапсырды.

“Қазір әлемде қатаң карантин шараларын кеш енгізген елдерде көп адам вирус жұқтырды. Вирустың кең тарауын тоқтату үшін жұртты қатаң оқшаулау керек. Басқа елдерден келіп жатқан жақсы және жағымсыз хабарларды ескере отырып, медицина жүйеміз кез келген жағдайға дайын болуы керек” деді президент.

Тоқаев карантин, төтенше жағдай тәртібін бұзғандарға жазаны күшейтуді тапсырды.

“Менің бұйрығыммен адамдар көп жиналатын жерлер жабылып, түрлі шаралар өткізуге тыйым салынды. Бірақ бұл тыйымды бұзғандар бар. 16 наурыздан бері Ақмола, Атырау, ШҚО, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, СҚО, Түркістан облыстарында төтенше жағдай ережесін бұзған 18 дерек тіркелді. Айыптылар әкімшілік жауапқа тартылып, айыппұл салынды не ескерту берілді. Енді ереже бұзғандарға жазаны күшейту керек” деді ол.

Тоқаев төтенше жағдай кезінде табысынан айырылғандарға ең төменгі жалақы мөлшерінде, 42500 теңге (шамамен 100 доллар) жәрдемақы төлеуді тапсырды.

23 наурыздағы дерек бойынша, Қазақстанда 62 адам коронавирус жұқтырған. Олардың басым бөлігі – Нұр-Сұлтан мен Алматыда.

Қазақстанда коронавирусқа байланысты 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. Сауда және ойын-сауық орталықтары, тамақтан басқа зат сататын дүкендер мен сауда орындарының жұмысы тоқтатылды.

14:08 23.3.2020

Covid-19. Әлем елдері бір-біріне қол ұшын созып жатыр

Жер жаһан Covid-19 коронавирусына қарсы күресіп жатыр. Жан алысып, жан беріскен «шайқас» көп елге ауыр зардап тигізіп, коронавирус дүниежүзіне экономикалық соққы да жасады. Алыс-берісі, барыс-келісі тоқтаған халық үйде қамалып отыр. Үміт те бар. Вирус ошағы болған Қытай тұрғындары көшеге қайта шыға бастады.​

Covid-19. Әлем елдері бір-біріне қол ұшын созып жатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:47 0:00

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG