Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

10:08 23.3.2020

Денсаулық басқармасы Ақтөбеде коронавирус табылған науқас туралы айтты

23 наурызда Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы бір күн бұрын коронавирус анықталған әйелдің жағдайы туралы айтты. Ол қазір Ақтөбедегі инфекциялық ауруханада арнайы бокста жатыр.

"Науқастың жағдайы тұрақты" деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Әсет Қалиев.

Оның айтуынша, науқас 22 наурызда Мәскеуден ұшып келген. Келген соң бірден дәрігерлер бақылауына алынған. Науқаспен бірге Мәскеуден Ақтөбеге ұшып келген 57 жолаушының арасында Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Орал, Шымкент, Қызылорда қалаларының тұрғындары болған. Олар әуежайдан соң пойызға, самолетке, таксиге мініп, өз қалаларына кеткен. Сол жақта оқшауланған. Олардан коронавирус анықталмаған.

Жолаушылардың барлығы - Қазақстан азаматы. Науқас Ақтөбе қаласында тұрады. Басқарма дерегінше, экипаж мүшелері - Ресей азаматтары. Олар Ресейде карантинге жатқызылған.

Қазір Қазақстанда барлығы 60 адам Covid-19 дертіне шалдықты. Нұр-Сұлтанда - 31 адам, Алматы қаласында - 25 адам, Қарағанды қаласында - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында - бір адам коронавирус жұқтырды.

11:26 23.3.2020

Алматыда науқастармен байланыста болған екі адамнан вирус анықталды

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев.
Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев.

Алматыда соңғы тәулікте коронавирус анықталған екі адам вирус жұққан науқастармен байланыста болған деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Тілеухан Әбілдаев.

"Екі науқас бұған дейін коронавирус табылған пациенттермен байланыста болған. Екеуі де карантиндік стационарда болған. Хаттамаға сәйкес коронавирустық инфекция диагностикасынан өтіп, емделіп жатыр. Науқастардың жағдайы орташа" деді ол дүйсенбі күнгі брифинг кезінде.

Оның айтуынша, қазір Алматы қалалық инфекциялық ауруханада 22 науқас жатыр. Балалар ауруханасында екі сәби мен бір сәбидің анасы (одан да коронавирус табылған) емделіп жатыр.

"Екеуінің жағдайы - орташа ауыр, қалғанының жағдайы - орташа" деді Әбілдаев.

Денсаулық сақтау басқармасы жетекшісінің айтуынша, провизорлық ауруханаларда карантинде 660 адам жатыр, бұған қоса, карантиндік нысандарда 778 адам бар. 1472 адам - үй карантинінде. Барлығының дене қызуы - қалыпты.

11:47 23.3.2020

Алматыда тағы бір адамнан коронавирус табылды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі 23 наурыз түс кезінде Алматыда тағы бір адамнан коронавирус анықталғанын хабарлады. Науқас туралы әзірге дерек жоқ.

Қазір Қазақстанда барлығы 61 адам Covid-19 дертіне шалдықты. Нұр-Сұлтанда - 31 адам, Алматы қаласында - 26 адам, Қарағанды қаласында - екі адам, Алматы облысында - бір адам, Ақтөбе облысында бір адам емделіп жатыр.

12:44 23.3.2020

Алматыға өткен түні 23 мың адам кіріп, 13 мың адам шыққан

Блокпостарда жүргізушілердің дене қызуын өлшеп жатқан дәрігерлер. Алматы қаласы әкімдігінің Телеграм арнасынан алынған.
Блокпостарда жүргізушілердің дене қызуын өлшеп жатқан дәрігерлер. Алматы қаласы әкімдігінің Телеграм арнасынан алынған.

22 наурыздан бастап Алматыдағы блокбекеттердің қатаң режиммен жұмыс істей бастағанын хабарлаған қала әкімдігінің дерегінше, 23 наурызға қараған түні қалаға 23 мыңнан астам адам кірген, 13 500-ден астам шыққан. 11 мыңнан астам жүргізуші термометриямен тексеріліп, екі адамнан дене қызуы байқалған.

"Оның біреуі Алматы облысының тұрғыны. Алатау ауданының №3 блокбекетінде болған. Дереу жедел жәрдем бригадасының дәрігер-мамандары шақырылып, тексерілді, оған катаралды ангина диагнозы қойылды. Қалаға кіргізілген жоқ, тұрғылықты жері бойынша тіркелген Іле ауданының емханасына жіберілді" делінген билік хабарламасында. Екінші адам - Алатау ауданының тұрғыны да қала ауруханасына жатқызылған.

Бұған дейін билік карантин жарияланған қаладағы блокпостардан жедел жәрдем және құтқару қызметі, коммуналды шаруашылық мамандары, жүк тасымалдайтын көліктердің кедергісіз өтетінін хабарлаған еді.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG