Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

12:43 22.3.2020

Алматыда тағы бір адамнан вирус табылды

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі Алматыда коронавирус жұққан тағы бір адамның анықталғанын хабарлады. Министрлік науқас туралы әзірге толық ақпарат бермеді.

Осылайша Қазақстанда коронавирус жұққан науқастар саны 57-ге жетті. Алматыда - 23 адам, Нұр-Сұлтанда - 31 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам емделіп жатыр.

13:35 22.3.2020

Италия билігі "экономикалық төтенше жағдай" туралы айтты

Ғимаратты дезинфекциялап жүрген жұмысшы. Көрнекі сурет.
Ғимаратты дезинфекциялап жүрген жұмысшы. Көрнекі сурет.

Коронавирус жұқтырғандар мен вирустан қаза болғандар саны жағынан әлемде бірінші орында тұрған Италияда билік эпидемиямен күрес шараларын күшейтті.

Италия үкіметінің жетекшісі Джузеппе Конте сенбі күні кешке ең маңызды мекеме мен ұйымдардан басқа барлық кәсіпорын, нысандарды жабу туралы шешім қабылдады. Дүкен, дәріхана, банк, поштадан бөлек, қоғамдық көліктер, хат-хабар жеткізу қызметі, ең қажетті азық-түлік өнімдерін шығаратын кәсіпорындар жұмыс істей береді. Премьер-министр эпидемияға байланысты Италия "өндіріс моторын" бәсеңдетеді, бірақ толық тоқтатпайды. Конте "экономикалық төтенше жағдай" туралы айтты.

Италияда соңғы тәулікте коронавирустан 793 адам қайтыс болған. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда шамамен 20 пайызға көп. Эпидемия басталғаннан бері 4825 адам көз жұмған. Вирусты жұқтырғандар саны 53,5 мыңнан асты. Бір тәулікте 6557 адамға вирус жұққан.

14:32 22.3.2020

Алматыда "блокбекеттерді айналып өтпек болған" таксистер ұсталды

Алматы шетінде маска киген әскери жол бойына темір қоршау қойып жатыр. Алматы, 19 наурыз 2020 жыл.
Алматы шетінде маска киген әскери жол бойына темір қоршау қойып жатыр. Алматы, 19 наурыз 2020 жыл.

Алматыда "блокбекеттерді айналып өтіп, жолаушы тасуға тырысқан" бес ер адам ұсталды деп хабарлады Polisia.kz.

"Олар сол үшін адам басына үш мыңнан бес мың теңгеге дейін ақша сұраған. Олар Әкімшілік кодекстің 476-бабы бойынша ("Төтенше жағдай режимін бұзу") жауапкершілікке тартылды. Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты айыппұл салды" деді Наурызбай аудандық ішкі істер басқармасының жетекшісі Дидар Аханов.

14:57 22.3.2020

Қазақстанда қалған шетел азаматтарының виза мерзімі ұзартылады

Коронавирусқа байланысты енгізілген шектеу шараларына байланысты Қазақстанда 20 сәуірге дейін қалған шетел азаматтарының визасы ұзартылады. Бұған қоса, 57 елмен жасалған визасыз режим туралы келісім аясында келген шетел азаматтарының Қазақстан аумағында қалу мерзімі 30 күнге ұзартылады деп хабарлады президент жанындағы төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссиясы.

Сәйкесінше визасы немесе жұмыс істеу рұқсат қағазының мерзімі өтіп кеткендерге айыппұл салынбайды дейді комиссия.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG