Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

08:19 22.3.2020

Нұр-Сұлтанда тағы екі адамнан коронавирус табылды

Қазақстан денсаулық сақтау сақтау министрлігі Нұр-Сұлтанда тағы екі адамнан коронавирус табылғанын хабарлады. Науқастар туралы министрлік әзірге толық ақпарат жариялаған жоқ.

Осылайша Қазақстанда коронавирус жұққан науқастар саны 56-ға жетті. Алматыда - 22 адам, Нұр-Сұлтанда - 31 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам емделіп жатыр.

09:07 22.3.2020

Алматы билігі: Коммуналдық төлемге байланысты жеңілдік жасалады

ТЖ-ға байланысты коммуналдық төлем төлеуге шамасы келмейтін Алматы тұрғындарының төлемі жыл соңына дейін шегеріледі деп хабарлады қала билігі.

"Коммуналдық қызмет бойынша қарызы болғаны үшін жарық, су, жылу, газ және телефон байланысы өшірілмейді. Бұған қоса, коммуналдық кәсіпорындар жеке тұлғаларға коммуналдық төлемді уақытында төлемегені үшін айыппұл салмайды, өсімақы қоспайды" делінген хабарламада.

Алматыда 19 наурыздан бері коронавирусқа байланысты төтенше жағдай енгізілген. Қалаға кіріп-шығуға шектеу қойылды. 22 наурыздан бастап қалаға қатынайтын жолаушылар пойызы мен ұшақтар тоқтады.

10:44 22.3.2020

Нұр-Сұлтанда коронавирус табылған науқастың бірі - шетел дипломаты

Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

22 наурызда Нұр-Сұлтанда коронавирус табылған екі науқастың бірі - шетел дипломаты Бұл туралы министрліктің ресми өкіліне сілтеме жасаған жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.

"Біреуі шетел азаматы - 1976 жылғы дипломат, Нұр-Сұлтанда жұмыс істейді. Бүгін түнде Лондоннан ұшып келген. Екіншісі 1970 жылғы Қазақстан азаматы. Екеуі де стационарда жатыр, жағдайы орташа" деді министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп.

Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының дерегіне сүйенген Tengrinews агенттігі түске қарай екінші науқас - Қазақстан азаматының жағдайы ауыр екенін хабарлады.

"Ол пневмонияға шалдықты деген күдікпен стационарда бокста жатқан. Диагностика кезінде коронавирус инфекциясы бары анықталды. Науқаста температура жоқ, бірақ жағдайы ауыр. Пневмония, бірінші дәрежедегі тыныс алу жетіспеушілігі. Салааралық топтың консилиумы тағайындалды" деді Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Сәуле Қисықова.

22 наурызда Қазақстанда коронавирус жұққан науқастар саны 56-ға жетті. Алматыда - 22 адам, Нұр-Сұлтанда - 31 адам, Қарағандыда - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам емделіп жатыр.

11:19 22.3.2020

Өзбекстанда коронавирус жұққандар саны төрт адамға көбейді

Өзбекстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 41 адамға жетті деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

21 наурызда түсте мұнда науқастар саны 37 болды деп айтылған еді. Биліктің айтуынша, карантинде жатқан төрт адамнан вирус табылған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG