Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

17:31 20.3.2020

Министр: Қазақстанда комендант сағатын енгізу жоспарда жоқ

Полицей жабылған көше бойын бақылап тұр. Алматы, 18 наурыз 2020 жыл.
Полицей жабылған көше бойын бақылап тұр. Алматы, 18 наурыз 2020 жыл.

20 наурызда Нұр-Сұлтанда өткен брифингте Қазақстан әділет министрі Марат Бекетаев "елде комендант сағаты енгізу мәселесі талқыланып жатқан жоқ" деп мәлімдеді.

"Комендант сағатын енгізуді қарастырып жатқан жоқпыз. Қазіргі төтенше жағдай режимі мемлекеттің барлық функциясын атқаруға және вирустың таралуын тоқтатуға жеткілікті" деді ол.

Қазақстанда 15 сәуірге дейін төтенше жағдай. 19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан қалалары карантинге көшті. Сауда және ойын-сауық орталықтары, тамақтан басқа зат сататын дүкендер мен сауда орындарының жұмысы тоқтатылды. Карантин режимі кезінде қоғамдық тамақтандыру орындары мен мейрамханалар тұтынушыға ас-суды үйіне жеткізіп береді. 22 наурыздан бастап Алматы қаласында темір жол және әуе қатынасын толық тоқтату жоспарланған.

17:42 20.3.2020

Алматы карантинге жабылған соң көмекке зәру адам көбейді

Алматылық еріктілер ұйымы 20 наурыздае бастап жұмысын тоқтатпақ. Төтенше жағдайға байланысты уақытша жабылатын мекемелер арасында қайырымдылық ұйымдары да бар.

Алматы карантинге жабылған соң көмекке зәру адам көбейді
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:10 0:00

20:56 20.3.2020

Қазақстанның бас санитар дәрігері ауысты

Жандарбек Бекшин.
Жандарбек Бекшин.

Қазақстандағы төтенше жағдай кезінде елдің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қызметінен кетіп, орнына Айжан Есмағамбетова тағайындалды. Бекшин 20 наурызда денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың бұйрығымен қызметінен босады. Ал жаңа бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова бұрын министрліктегі қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаментінің директоры болып жұмыс істеген.

Бекшиннің өзі “Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитеті төрағасының орынбасары қызметінде қалғанын” айтты. Ол екі жылдай бас санитар дәрігер қызметін атқарды.

Наурыздың алғашқы аптасында Бекшин Қазақстанға коронавирус “ақыры” 11-16 наурызда келеді деген болжам жасаған. Оның бұл сөзі желіде әзілге айналып, түрлі мемдерге түрткі болды. Денсаулық сақтау министрі Біртанов Бекшиннің болжамы “математикалық моделдеу негізінде жасалған, болжам дәл шықпауы да мүмкін” деген.

Қазақстанда коронавирус 13 наурызда табылды. Қазір бұл елде 49 адам дертке шалдыққан (Алматыда 22, Нұр-Сұлтанда 25, Қарағандыда екі науқас).

21:36 20.3.2020

Меккеде Қағба жабылды

Қағба.
Қағба.

Сауд Арабиясында жүздеген жыл ішінде алғаш рет Меккедегі қағба мен Мединадағы пайғамбар мешіті белгісіз уақытқа жабылды. 17 наурызда Сауд Арабиясы билігі барлық мешітте намаз оқуға тыйым салған.

20 наурыздағы дерек бойынша, Сауд Арабиясында 300 адам вирус жұқтырған. Бұл ел елге шетелдіктердің келуіне, Умра қажылыққа шектеу қойды

Әлемде коронавирус тарап жатқан тұста, бүгін әлемдегі көптеген елде жұма намазы оқылған жоқ. Қазақстан мұсылмандар діни басқарамасы да мешітте жұма намазын және бес уақыт намаз оқуға тыйым салған.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG