Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

14:55 20.3.2020

Қарағандыда карантин жариялана ма?

Қарағандыда коронавирус жұққан алғашқы науқастар анықталғаннан кейін аймақ билігі қоғамдық орындарда қауіпсіздікті күшейту қажеттігін айтты. Бұдан былай супермаркеттерде бес адамнан артық адам бір кезекке тұра алмайды, тұтынушылар бір-бірінен кемінде бір метр алшақ тұруы керек.

"Бір кезекте бес адамнан артық адам тұруға болмайды. Нан және кондитерлік өнімдерді қапсыз сатуға тыйым салынды. Жеміс-жидек, көкөністен басқа азық-түлік түрлері қапталған күйде сатылады" деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің өкілдері.

20 наурызда Қарағандыда коронавирус жұққан екі адам анықталды. Олардың жасы - 48 және 49 жаста. 18 наурызда Минск - Нұр-Сұлтан бағыты бойынша рейспен ұшып келген. Ұшақ бортында болған 67 адамның барлығы Қарағандыда карантинге жатқызылған. Дегенмен билік карантин жариялауға негіз жоқ деп отыр.

"Екі азаматтан вирус табылды, бірақ олар Қарағанды облысында тұрмайды. Борттағы барлық азамат карантиндік стационарға жеткізілді. Аймақта карантин жариялауға негіз жоқ" деді Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Ержан Нұрлыбаев.

20 наурызда Қарағанды облысында ойын-сауық, ірі сауда орталықтары, азық-түлік емес тауарларын сататын дүкендер жұмысын тоқтатты. Қалада дәріхана, супермаркет, азық-түлік базарлары жұмыс уақытын қысқартып, дезинфекциядан өтеді.

Қарағанды облысында алты санитарлық пост ұйымдастырылған. Аймақ полициясының дерегінше, посттарда шамамен екі мың көлік тоқтатылған. 3,5 мыңнан астам адам тексерілген. Дене қызуы көтерілген екі адам анықталып, бақылауға алынған.

15:16 20.3.2020

Алматыдағы 22 науқастың жағдайы қалай?

Дене қызуын тексертіп жатқан тұрғын. Алматы, 17 наурыз 2020 жыл.
Дене қызуын тексертіп жатқан тұрғын. Алматы, 17 наурыз 2020 жыл.

Алматыда коронавирус жұқтырған 22 адамның екеуінің жағдайы орташа ауыр. Ал 20 науқастың жағдайы орташа. Жағдайы ауырлағандардың қатарында екі жасар сәби бар. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы хабарлады.

"Бірінші науқастың жағдайы орташа ауыр, тұрақты (диагнозында обструктивті бронхиті болған). 2018 жылғы сәби жиі жөтеледі, рентгенге түсірген кезде оң жақ өкпесінен пневмония анықталды, жағдайы орташа ауыр" деді Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Набира Эсенова.

Қазақстанда соңғы дерек бойынша 49 адамнан вирус табылған. Алматыда - 22 адам, Нұр-Сұлтанда - 25 адам, Қарағандыда 2 адам емделіп жатыр.

15:48 20.3.2020

Орталық Азия елдері қозғалысты шектеп жатыр

Манас әуежайындағы ұшақ. Бішкек, 18 наурыз 2020 жыл.
Манас әуежайындағы ұшақ. Бішкек, 18 наурыз 2020 жыл.

Өзбекстан көлік министрлігі 20 наурыздан бастап халықаралық бағыттар бойынша әуе, көлік және темір жол қатынасын 40 күнге тоқтатты. Министрлікке сілтеме жасаған Азаттықтың Өзбек қызметінің хабарлауынша, шектеудің жүк және сыртқа тауар тасымалдауға қатысы жоқ.

Өзбекстанда коронавирус жұққан алғашқы адам 15 наурызда анықталған еді. Ресми дерек бойынша, қазір елде вирус жұқтырғандар саны 33-ке жетті.

Қырғызстан сыртқы істер министрлігі де 20 наурызда халықаралық баыттар бойынша ұшақ рейстерін тоқтататынын хабарлады. Биліктің айтуынша, коронавирусқа байланысты жағдай "тұрақталғанға дейін" шектеу шаралары күшінде болады. Тек Мәскеу — Бішкек — Мәскеу, Новосібір — Бішкек — Новосібір және Мәскеу — Ош — Мәскеу бағыты бойынша рейстер тоқтамайды.

20 наурыз күнгі дерек бойынша Қырғызстанда коронавирус жұққан алты науқас бар.

Ал Түркіменстан ел астанасы Ашғабатты жауып, қаладан кіріп-шығуға тыйым салды. Бұл елде вирус жұқтырғандар бар-жоғы белгісіз.

Оқи отырыңыз: Орталық Азия елдерінің коронавируспен күрестегі ала-құла стратегиясы

16:22 20.3.2020

Испанияда қаза болғандар саны мың адамнан асты

20 наурыз Алматы уақытымен 17.00-дегі жағдай бойынша, әлемде 250 мың адамнан вирус табылды. Қаза тапқандар саны 10 мыңнан асып кетті. 80 мың адам дертінен айыққан. Испания билігі елде вирустан көз жұмғандар мыңнан асқанын хабарлады. Бұл елде 20 мыңнан астам адамнан вирус табылған. Осылайша, Испания – коронавирустан мың адам қаза болған әлемдегі Қытай, Италия, Ираннан кейінгі төртінші ел.

Қытайда жұма күні ел ішінде вирус жұқтырғандар тіркелмеді. 19 наурызда Қытайда вирус жұқтырған 35 адам елге сырттан келген.

19 наурызда Бразилияның Рио-Де-Жанейро қаласындағы Жарылқаушы Христос ескерткішінде вирус табылған елдердің туы шықты. Олардың қатарында Қазақстанның туы да бар.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG