Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

19:26 19.3.2020

Қазақстанда үш мыңнан астам адам карантинде

19 наурыздағы дерек бойынша, Қазақстанда қазір 860 адам ауруханада карантинде жатыр. 2611 адам үй карантинінде (барлығы 3471 адам). Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Қазақстанда қазір 44 адамнан (Алматыда 19, Нұр-Сұлтанда 25 науқас) вирус табылған. Олардың арасында екі бала бар.

19:47 19.3.2020

Карантинге жабылған Алматының қазіргі тіршілігі

19 наурыздан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтанда карантин режимі енгізілді. Әскери техника қойылған блокпосттар ешкімді өткізбеуге тырысып жатыр. Қалаға кіре алмай тұрған жұрттың шағымы әртүрлі. Алматы ішінде көлік азайып, тыныштық орнаған.​

Карантинге жабылған Алматының тіршілігі
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:30 0:00

20:00 19.3.2020

Бакуде карантин. Кавказ елдеріндегі жағдай

Баку мен оның маңындағы Сумгаит және Абшерон елдімекендеріне жеке көліктер кіргізуге шектеу қойылды. Қалаға тек жедел жәрдем, жүк көлігі, төтенше жағдай мамандары мен әскерилердің көлігі ғана кіре алады. Бұл шектеу 29 наурызға дейін созылады, егер қажет болса арықарай созылады. Бакуге келетін пойыздар да тоқтады.

Әзербайжанда 34 адамға вирус жұғып, бір адам қайтыс болды. Арменияда 115 адамнан вирус табылды, елде 16 сәуірге дейін төтенше жағдай жарияланған. Ал Грузияда 40 адам дертке шалдыққан.

08:09 20.3.2020

Назарбаев коронавирусқа байланысты арнайы қор құруды ұсынды

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстанды отыз жылға жуық үздіксіз басқарған соң, өткен жылы 19 наурызда президенттік өкілетін мерзімінен бұрын доғарған, алайда Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы ретінде билікке әлі де ықпалын жүргізіп отырған Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік пандемия деп жарияланған коронавирусқа байланысты халыққа үндеу жасады. Ол географиялық ауқымы кеңейіп, Қазақстан аумағына да тараған індетпен бірге халықаралық дағдарыс та жағдайды ушықтырып отырғанын айтты.

"Біз қазір "дүлей дауыл" деп сипаттауға болатын үлкен қауіп-қатер алдында тұрмыз. Шешу жолдарын табу тұрғысынан күрделі боп отырған қазіргі ахуал бір жағынан 1990-шы жылдардың басындағы жағдайға ұқсайды" деді Назарбаев.

Елде төтенше жағдайдың жариялануын азаматтар мен мемлекет мүддесін қорғау мақсатындағы маңызды және қажетті қадам деп атаған экс-президент биліктің "қиын ахуалға сай дер кезінде қабылданған" шешімдерін қолдайтынын айтып, халықты президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен үкімет қабылдаған шұғыл шараларды қолдауға шақырды.

"Дағдарыс ұзаққа созылар болса, үкімет оған қарсы шаралар әзірлеп, елді қатаң үнемшілдікке, кешенді орнықты даму бағдарына шығуға дайындау керек" деген Назарбаев ел-жұртқа көмектескісі келетін және жәрдем бере алатын адамдардың қаражаты жинақталатын республикалық қор құруды ұсынды.

"Ондай қорларды әрбір облыс орталығында және республикалық маңызы бар қалаларда құру қажет. Ол жұмысты тиісінше сол жерлердің әкімдері жүзеге асырғаны дұрыс" деді ол.

Ол елдегі жұмыс берушілерді жұмыс орындарын сақтауға, адамдарды мүмкіндігінше ақылы демалысқа жіберуге немесе қысқартылған жұмыс кестесіне көшуге кеңес берді.

Ол өзі басқаратын "Nur Otan" партиясының жобалары аясында 150 миллион теңге, Тұңғыш президент қоры есебінен 200 миллион теңге коронавирусқа қарсы күреске бөлінгенін айтты.

"Қазір осы күрделі ахуалдан шығу үшін Қазақстанда барлық қажетті ресурс бар, қор да жеткілікті" деді Назарбаев.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG