Фотогалерея: Алматы жұртын әуреге салған карантин
Наурыздың 19-ына қараған түні Нұр-Сұлтан мен Алматы карантинге жабылды. Екі қалаға көлікпен кіріп-шығуға тыйым салынады. Алматы әкімдігі қаладан шығып не кіріп үлгермеген тұрғындарға наурыздың 22-сіне дейін уақыт берді. Қатынауға шектеу қойылған тұста Алматының кіреберісінде қозғалыс жиілеп, қалаға кіріп-шыққандар кезекке тұрып, көліктер тығында бөгелді.
Әлемде қанша миллион оқушы мектепке бара алмай отыр?
UNESCO дерегінше, қазір әлемнің 113-тен астам елінде коронавирус салдарынан мектептер жабылып, кем дегенде 849,4 миллион бала сабаққа бармай үйде отыр. Бұл елдердің қатарында Қазақстанда бар. Елде мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап ерте каникулға кеткен. Ал Түркия басылымдарының хабарлауынша, бұл ел 21-27 наурыз аралығында мектеп оқушыларына мемлекеттік TRT арнасының эфирі арқылы сабақ өткізбек.
Ондаған қазақстандық Мәскеу мен Омбы әуежайынан ұша алмай отыр
14 қазақстандық қазір Мәскеудегі Внукова әуежайынан елге орала алмай отыр. Олардың рейстері ұшпайтын болған. Қазақстандықтар Доминикан республикасынан, Германиядан, Үндістаннан және Шри-Ланкадан келе жатқан. Қазақстанның Ресейдегі елшілігі Мәскеумен қазақстандықтарды қаладағы басқа әуежай арқылы ұшыру жағын ақылдасып жатқанын хабарлады.
Бұдан бөлек, 26 қазақстандық, оның бірі бала, Омбыдан Қазақстанға ұша алмай отыр. Қазақстан елшілігінің дерегінше, Омбыда қалып қойғандар – Нұр-Сұлтан, Павлодар, Петропавл тұрғындары. Олар транзит арқылы Вьетнамнан келе жатқан. Елшіліктің дерегінше, сегіз адам 20 наурызда соңғы рейспен Нұр-Сұлтанға ұшуға келіскен, қалғандары автокөлікпен қайтпақ.
Маска киген не үшін маңызды? Маска вирустан қаншалықты қорғайды? Білу керек бес дерек.
ПІКІРЛЕР