Accessibility links

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1002 адам тіркелді

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 118 млн 455 мың адамнан асты. 67 млн 95 мың адам жазылған. 2 млн 628 мың науқас қайтыс болған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан тараған бұл вирусты "пандемия" деп жариялаған. Коронавирус жайлы қаңтардың басында белгілі болды. Оны алғаш жұқтырғандар Қытайдың Хубэй провинциясының Ухань қаласында тіркелді. Вирус тыныс алу жолын зақымдап, пневмонияны өршітеді. Бұл дерттің көбіне егде жастағылар мен созылмалы ауруы бар адамдарға салдары ауыр болуы мүмкін.

14:29 27.1.2021

Әлемдегі ахуал қандай?

  • Әлемде коронавирус жұқтырғандар 100 миллионнан асты. Жер бетіндегі халықтың 1,3 пайызы бұл вирусты жұқтырды. 2,1 миллионнан аса адам қайтыс болды.
  • 2021 жылы басталғалы әлемде әр секунд сайын 7 адамға вирус жұғып, күніне шамамен 668250 адамнан вирус анықталып жатыр.
  • Әлемде індетке шалдығып жатқандардың жартысы АҚШ, Үндістан, Бразилия, Ресей және Ұлыбританияда.
  • 50 миллион адамға вирус 11 айда жұқса, қалған 50 миллион адамға вирус үш айдың ішінде жұққан.
  • Қазір 56 ел екпе егуді бастады. 26 қаңтарға дейін әлемде 64 миллион доза вакцина салынған. Екпе егу бойынша Израиль алда келеді. Бұл елде халықтың 29 пайызы бір доза болсын алған.
09:31 27.1.2021

1 527 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды, 16 адам өлімі тіркелді

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққаны тестпен дәлелденгендер 1397 адамға көбейді. Бұл туралы 27 қаңтарда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 130 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. Бір күнде 16 адам өлімі тіркелген: 15 адам - коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды деп айтылады.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда наурыз айынан бері коронавирус жұқтырғандар 181 117 адамға жетті. 163 156-ы жазылған. Өткен тәулікте 1398 адам айыққан. 2020 жылдың наурыз айынан бері 2510 адам қайтыс болған.

Медицина қызметкері.
Медицина қызметкері.

Қазақстан билігі 2020 жылдың 1 тамызынан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Содан бері 47 575 адамнан коронавирус пневмониясы анықталған. 559 адам қайтыс болған. 35 348 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 27 119 адам емделіп жатыр. 11 668-інің ПТР тесті теріс шыққан (яғни, оларға клиникалық белгілері бойынша Covid/коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған). 6 492 науқас стационарда емделіп жатыр.

Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, әлемде коронавирус жұқтырғандар 100 млн адамнан асты. 55,3 млн адам жазылған. 2 млн 154 мың науқас қайтыс болған.

07:11 27.1.2021

26 қаңтарда ПТР тесті оң шыққан 1 397 адам тіркелді

26 қаңтарда Қазақстанда ПТР тесті оң шыққан 1 397 адам тіркелді. Өткен тәулікте Павлодар облысы (219) мен Ақмола облысында (213) 200-ден астам адамнан коронавирус анықталған.

Жалпы облыстар мен қалалардағы жағдай төмендегідей:

Нұр-Сұлтан - 21 723 (+147 адам жаңадан қосылды)

Алматы қаласында - 21 547 (+139),

Шығыс Қазақстан облысында - 19 933 (+53),

Атырау облысында - 15 752 (+70),

Қарағанды облысында - 13 465 (+78),

Павлодар облысында - 12 328 (+219),

Батыс Қазақстан облысында - 10 585 (+95),

Солтүстік Қазақстан облысында - 10 432 (+108),

Қостанай облысында - 9 732 (+141),

Ақмола облысында - 9 946 (+213),

Алматы облысында - 8 926 (+64),

Шымкент қаласында - 5 813 (+10),

Жамбыл облысында - 5 470 (+23),

Маңғыстау облысында - 3 983 (+10),

Түркістан облысында - 4 020 (+10),

Ақтөбе облысында - 3 904 (+6),

Қызылорда облысында - 3 558 (+11).

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 181 117 адамға жеткен.

16:40 26.1.2021

Эмомали Рахмон: Тәжікстанда коронавирус жоқ

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 26 қаңтар күнгі парламентке жолдауында мемлекет коронавирусты жеңе алды, елде вирус жоқ деп мәлімдеді. Дегенмен көптеген тәуелсіз сарапшылар ресми биліктің коронавирус туралы мәліметіне күмәнмен қарайды.

Рахмон сейсенбі күні парламентке жолдауында 1 қаңтардан бері елде коронавирус жұқтырған бірде-бір науқас тіркелмегенін атап өткен. Алайда бұл "тұрғындар санитария-гигиена ережелерін сақтамаса болады" дегенді білдірмейді деп ескерткен. Ол шетелден келгендерді карантинге жіберу қажеттігін айтқан.

Эмомали Рахмон.
Эмомали Рахмон.

Азаттықтың Тәжік қызметінің хабарлауынша, елде 10 қаңтардан бері ресми түрде коронавирус жұқтырған науқас тіркелмеген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, коронавирус індеті кезінде елде 13 308 адамға коронавирус жұққан, 90 адам қайтыс болған.

Алайда сарапшылар ресми статистикаға күмәнмен қарайды. Олар елде коронавирус жұқтырғандар саны ресми мәліметтен әлдеқайда көп деп санайды.

Тәжікстанда алғаш рет коронавирус былтыр 30 сәуірде анықталған. 2 мамырда бірінші адам өлімі тіркелді. Бұдан соң елде бірқатар шектеу шаралары күшіне енген. Азаттықтың Тәжік қызметі Орталық Азияда вирус күшейіп тұрған шақта биліктің қоғамдық көлік пен базарларда санитарлық талаптардың жиі сақталмайтынына назар аудармайтынын жазады.

Тағы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG